Түбінде адамдар Жермен де қоштасатыны анық. Ғалымдар ғаламшардың тұрақсыздығына тіс батыра алмай отыр. Америкалық ғалым Робин Хэнсонның айтқаны айдай келді-ау дейсіз қазір. Оның: «Бізде Жерді жоюға жетерлік технология бар, бірақ апат болған жағдайда аман алып қалатын технология әзірлемедік», деген тұжырымдамасы ойлантпай қоймайды. Әлемдегі жағдайдың астарына қараңызшы. Әйтпесе Илон Маск неге Марсқа асығады?

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Марстың да мазасын аламыз-ау
Өнертапқыш Илон Маскті айтқанда қызыл ғаламшар қолсозым жерде тұрғандай күйге бөленесіз. 2050 жылы Марсты туристік аймақ етіп, қалашық салуға бел буған кәсіпкердің ізденісі, жерден бөлек тіршілік тануға деген ұмтылысы қызық та қым-қуыт. Алдағы уақытта миллион адамды сол жаққа көшірмек ниетте. Ақшаңыз көп болса, қызыл ғаламшарда өмір сүрем десеңіз еркіңіз. Ғаламат ғарыш кемелерін ұшырып, өзге планетаға көпір салуға әрекеттенген инженердің ісін құптамасқа лаж жоқ. Енді бірнеше жылдан кейін Марста адамдардың күн кешіп жатқанын естісеңіз, таңғалмаңыз. Күннен Жерге қарағанда екі есе алыс орналасқан мұздай ғаламшарда күнелту оңайға түспесі анық, бірақ адамнан айла артылған ба?
Енді бұған белгілі физик Стивен Хокингтің пікірін қосып салмақтасақ. Астрофизик: «Біздің планетамыз тұрақсыз болып келеді. Жүз жылдан кейін адамзат өзге ғаламшарды отарлайды», дейді де, болашақта адамзатқа қауіп төндіретін факторларды ілікке алады. Оның алғашқысы – эпидемия, одан кейін астероидтердің құлауы және халық санының өсуі. Бұл үш болжамның үшеуі де біртіндеп орындалып жатқандықтан, қарсы шығуға негіз жоқтай. Физик одан соң өзге ғаламшарлықтардың барына имандай сенеді. Яки, бізбен қатар параллель тіршілік етіп жатқандарды меңзеп отыр. Адамдардың олармен жолығуын Колумбтың үндістермен кездесуімен салыстыратынын қайтесіз? Рас, Р.Хэнсонның «Ұлы сүзгі» тұжырымдамасы мен С.Хокингтің «Жаңа жер» экспедициясының түпкі мәніне үңілсеңіз, болашақ жайында үзік-үзік ой тастайды. Екеуінің пайымын ертегіге балап, сырт көз сыншы дегендей өз призмамызға салып қарайықшы. Тәубесін аузынан тастамаған ата-бабамыз ескі шариғат бойынша «Дүниеге адам қонақ, шіркін-ай, түнеп көшкен» дейтіні бар емес пе? Құранда да өлшеулі күніміздің ақырзаманмен аяқталатынын айтады ғой. Міне, зерттеушілердің де теориясы ата-баба аксиомасынан бастау алып тұрғандай. Әрине, ғалымдардың толғанысына сену, сенбеуіңіз өз еншіңізде, бірақ жүре қабылдауға тағы болмас.
Деректерге сүйеніп сөйлейтін астрофизик Брендон Картер «Әлемнің соңы туралы теорема» атты еңбегінде: «Егер бүгінгі күннің адамдары адам хронологиясының кездейсоқ орнында болса, біз осы хронологиялық шкаланың ортасында өмір сүріп жатырмыз демей ме? Өркениет өз тарихындағы үшінші бұрылыс нүктесіне жақындаған сыңайлы. Адамзат генетикалық технологиялардың көмегімен IQ деңгейін тез арттыра алды. Дамушы интеллект, өз кезегінде, ақылды адамдардың санын ұлғайтты. Түрлі технологиялар, атом бомбалары, демография динамикасының Жерге әкелген пайдасынан зияны көп. Осыған ұқсас тағы бір мысал. Бүгінде Қытай, Оңтүстік Корея және Еуропа елдері қартайып бара жатқан мемлекеттер қатарында. Бала туу көрсеткіші жағынан төмен. Сәбилерге қарағанда ұзақ жасаған қариялардың көптігі байқалады. Канадалық зерттеушілер Бричер мен Иббицон 30 жылдан соң жер бетіндегі халықтың саны 9 миллиардқа жетіп, күрт құлдырайтынын айтады. 1970 жылдан бері болашақ туралы түсірілген фильмнің көбі «адам санының көбеюіне байланысты жер бетіндегі қорқынышты апаттар» деген сөздермен басталады. Бұдан қорытынды шығарудың өзі қорқынышты. Ғалымдардың пікірін құптай отырып, әрі қарай біз беймәлім дүние әлеміне сапар шексек. Аңызда да астар бар.
Адамдар Шолпаннан келген бе?
Мақаламыздың басында Марсты бағындыруымызға аз қалғанын мәлімдеген болатынбыз. Енді Шолпан жайлы сыр тарқатсақ. «Адам баласы Жерге әуелде Шолпан планетасынан көшіп келген» деген пікірді Американың инженер ғалымы С.Гринвуд айтқан. Ол өзінің ойын былай деп тұжырымдап түсіндірді: «Адам баласы Шолпаннан алғаш көшіп келгенде Жер табиғатының жағдайына үйренісе алмаған. Жер атмосферасы мен ауа райына адам үлкен қиындықпен қалыптасты. Таулардағы үңгірлерді паналады, аң аулады, үй салды. Сондықтан да адамды Шолпан планетасынан көшіп келді деуге негіз бар. Менің ойымша, адам деген ардақты атқа ие болған саналы тіршілік иелері – өзіміз де қандай да бір жоғары дамыған өркениеттің қолынан шыққан жасанды биопендеміз».
Енді қараңыз, бір кездері Шолпан да Жердей жайнап тұрған планета болған екен. Бірақ өркениеті әбден жоғарылаған планета табиғатын тұтастай меңгерген ел тыныш қала ма? Шолпанның қыртысын қазғылап, қазба байлығын іздеген. Содан бір заманда Шолпан қыртысы қызынып, жанартау атаулы белсенді атқылауға көшкен. Су буға айналып, көк біткен сарғая қурап, қыртыс беті жарылып, аптапты шөл далаға айналған. Осыны байқаған ғалымдар планетааралық кемелер жасап, жұртты Жерге көшіреді. Бұл аңызға парапар әңгіме десеңіз, жердегі адам санасына сыймайтын құбылыстар өткеннен хабар беретіндей. Археологтердің әлдебір алып адамдардың топыраққа табаны тигені туралы зерттеулері шындыққа жанасады.
С.Гринвуд зерттеушілердің назарын Египеттегі ғаламат пирамидаларға аударады. «Қанша қарабайыр, техникасыз болса да, Шолпаннан келгендердің санасында өркениетке тән ғылымның негізі сақталды. Ол білім ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырды. Келе-келе сол Шолпанда бір заманда өмір сүрген ата-бабаларының қасіретті күндерін мәңгілік есте сақтап қалу үшін ен далаға бірнеше пирамида тұрғызған. Пирамидалардың алдындағы әйел-ана – сфинкс тас бейнесі шолпандықтардың Жерге қарай ұшып шыққан бағытына сай қашалып, екі ірі пирамиданың қасбеттері көктемгі күн мен түннің теңелуі тәулігіндегі таң мезгілінде шығыс көкжиектен көтерілген күннің алғашқы сәулелері дәл түсетіндей етіп салынған. Жалпы, ескерткіштер кешені Күн жүйесінің схемасы мен көшкен кездегі ғарыш кемелерінің Шолпаннан Жерге дейінгі ұшу траекторияларын аңғартады».
Мұндай пікірлер ғалымдардың ғылыми ой-жүйелеріне қозғау сала бастады. 1973 жылы Америка заңгері Дж. И.Филипстің ұсынысымен халықаралық «Ежелгі астронавтар қоғамы» құрылды. Қоғам қызметкерлерінің міндеті Жерімізге өзге жұлдыз жүйесіндегі тіршілікті планеталардың бірінен өркениетті адамдардың келген-келмегенін анықтау. Ұйым бүкіләлемдік конференциялар өткізіп, «Ежелгі аспан» деп аталатын арнайы журнал шығарады. Бүгінде жеткен жетістіктері көл-көсір. Пасха аралындағы көз жанарлары аспанға қараған жүздеген алып тас мүсін ежелгі ірі адамдардың ұрпағы екенімізді әйдіктеп тұрғандай ма, қалай өзі?
Бүгінде ғалымдар «Жерде ғана тіршілік бар ма?» деген сауалға жауап іздеп жатыр. Бұл жұмбақтың да шешімі көп ұзамай табылатынына күмәніміз жоқ. Марстан түскен метеориттің он жылдан кейін құпиясы ашылды емес пе? Адамның ақылы бұл межені де бағындыратынына сенім мол. Мүмкін, сол арқылы жамау-жамау жерімізді сақтап қалармыз. Қалталыларды Қызыл ғаламшарға көшіруді мақсат тұтқан Масктің қарекетіне сүйінесің кейде. Елге пайдасы жоқ байлар солай қарай қоныс аударса, адамзатты арқалап тұрған Жер-ананың жүгі біраз жеңілдер ме еді, кім білсін? Әй, бірақ мына түрімізбен Марстың да мазасын аламыз-ау!..
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Бензин бағасы кетті шарықтап...
Қазақстан • Кеше
Балаларға жанашырлық – бәрімізге ортақ міндет
Қоғам • Кеше
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Азия чемпионатында алты жүлде бұйырды
Спорт • Кеше
Шығыс Қазақстанда карантин 3 мамырға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда ауыз бекіткендерге ыстық тамақ таратылды
Елорда • Кеше
Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты
Парламент • Кеше
Елбасы Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы • Кеше
Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?
Спорт • Кеше
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Кеше
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Кеше
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Кеше
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Кеше
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Кеше
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Кеше
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Кеше
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Кеше
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Кеше
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Кеше
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Кеше
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Кеше
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Кеше
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Кеше
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Кеше
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Кеше
Руханият • Кеше
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Кеше
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар