Әлем • 03 Тамыз, 2020

Еуропалықтар ұзақ өмір сүреді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Euronews арнасының хабар­лау­ын­ша, еуропалықтардың өмір сүру жасы ұзара түскен. Мұндай нәтижеге ауа ластануына жол бермеу үшін қабылданған шаралар арқасында қол жетіп отыр. Жүргізілген зерттеулер бойынша, «қарт құрлық» тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 9 айға көбейген. Яғни Air Quality of Life Index түзген тізімде ауаның ластануы адам өміріне тікелей әсер ететіні анықталған.

Еуропалықтар ұзақ өмір сүреді

Қазіргі таңда Еуропалық одақ аясында зиянды газдарды ауаға шығармауға, көліктерге арнайы стандарт бекітуге арналған кешенді шаралар аясында ауа ластануы 41 пайызға төмендепті.

Ғалымдардың пайымдауынша, ластанған ауадағы зиянды қалдықтар адам ағзасына кері әсер етеді. Тіпті оның қаупі АИВ/ЖИТС секілді аурулар мен темекі шегуден де асып түскен.