Үкімет • 03 Тамыз, 2020

Қазақстан канадалық "Gold Pool" компаниясына қарсы төрелік процесті жеңіп алды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы канадалық "Gold Pool" компаниясына қарсы көп миллиондық төрелік процесті жеңіп алды: төрелік Трибунал Қазақстан Кеңестік Келісіммен байланысты еместігін растайды. 

Қазақстан канадалық "Gold Pool" компаниясына қарсы төрелік процесті жеңіп алды

2020 жылғы 30 шілдеде халықаралық Төрелік Трибунал 2016 жылы канадалық "Gold Pool JV Ltd" компаниясы "Қазақалтын"АҚ кәсіпорнын сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа қатысты Қазақстан Республикасына қарсы бастаған төрелік істің сот қарауына жатпайтындығы және тоқтату туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Талап арыздың сомасы 917 млн АҚШ долларын құрады.