Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Оралда алты жасар қызды алып кетпек болған ер адам ұсталды

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында Көктем шағынауданындағы Мұрат Мөңкеұлы көшесінде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген 6 жасар қызды бөтен ер адам әлдеқайда алып кетпек болғанда қолға түсті.

Оралда алты жасар қызды алып кетпек болған ер адам ұсталды

Оқиға 2 тамыз күні қараңғы түсе, кешкі сағат 21.30.-дарда болған. М.Мөңкеұлы көшесіндегі 113 үйдің алдында ойнап жүрген балаларға жақындаған ер адам кішкентай қызды белгісіз бағытқа алып кетпек болған. Көпқабатты үйдің кіреберісінде орнатылған бақылау камерасына түскен бейнежазбаға қарағанда, қызды сол жердегі көршілер құтқарып қалған.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қыздың анасының шағымы Зачаганск полиция бөлімінде тіркелген. Күдікті ер адам анықталып, қамауға алынған. 1965 жылғы ер адам «орта дәрежеде» мас болған.

Қазір оқиғаның жай-жапсары тексерілуде.