Қаупі сейілмеген зауалдың тигізіп жатқан зардабы орасан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше туиттердегі парақшасында осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғасына бататынын, коронавирус пен өкпе қабынуынан көз жұмғандардың саны әлі де жоғары екенін айтты. Президенттің пәрменімен тамыздан бастап пандемияның таралу ауқымын нақты бағамдау үшін коронавирус пен өкпе қабынуының статистикасы біріздендірілді.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, EQ
Шырғалаң шақта өкпесі қабынғандардың қатары тым көбейіп, соның салдарынан қайтыс болғандар аз болмады. Бірақ пневмонияға шалдыққандардан ПТР-тест нәтижесінде КВИ анықталмағандықтан, бұл науқастар Сovid-19 бойынша жалпы статистикаға алынбады. Алайда көпшілік мұнда бір кілтипан барын, дем жетпей жаны қысылғандардың күрт көбеюіне осы бәлекет індеттің ықпал еткенін айтып дабыл қақты.
Бұл мәселе Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады. Содан статистиканы біріздендіру қолға алынып, Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бастап КВИ-ге шалдыққандардың дерегін жаңа әдіспен жинақтай бастады. Аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары негізінде зертханада анықталған КВИ мен ПТР-тест нәтижесі таза болғанымен, пневмонияға шалдыққан науқастар бірге есепке алынады. Коронавирус инфекциясын кодтау алгоритміне сәйкес, қазір зертханада анықталған жағдайларға U07.1 коды және расталмаған немесе ықтимал жағдайларға U07.2 коды қолданылады. Бірінші және екінші код қойылған науқастар Сovid-19 жұқтырған деп есептеледі.
Статистиканы жаңа әдіспен жүргізудің жай-жапсарын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтып берді.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесімен біз 2020 жылдың 1 тамызынан бастап КВИ мен пневмония бойынша статистиканы біріктіру туралы шешім қабылдадық. Көп адам ДДҰ бұл туралы 18 шілдеде хабарласа, Қазақстан статистиканы неліктен 1 тамыздан бастағалы жатыр дейді.
Себеп мынада: бізге кодтау мен пациенттерді тіркеу жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету алгоритмін әзірлеу үшін қазіргі ақпараттық жүйені баптап, жаңа мәліметтерді енгізу үшін персоналды дайындауға екі аптаға жуық уақыт керек болды. Бұл – өте күрделі әрі көп күшті талап ететін
шаруа. ПТР-тесттен анықталған нәтижені тіркеу оңай болғанымен, расталмаған коронавирус пневмониясын анықтау қиын. Біздің алдымызда аз уақыттың ішінде дәрігерлерді коронавирус пневмониясының белгілерін анықтап, оны есеп жүйесіне тіркеу міндеті тұрды. Біз бұл жұмысты атқардық. Ендігі кезекте ДДҰ-ның соңғы стандарттарына сәйкес науқастардың бәрін тіркеуге дайынбыз», деді А.Цой.
Жоғарыда халықаралық жіктеме бойынша коронавирус жағдайларын кодтау алгоритміне қысқаша тоқталдық. Министрдің айтуынша, қазір U07.1 кодын расталған жағдайлар үшін, ал U07.2 кодын расталмаған немесе ықтимал жағдайлар кездескенде қолданамыз. Бұл ретте бірінші кодтың анықтамасы өте айқын. Бірақ U07.2 коды коронавирус инфекциясының эпидемиялық белгілеріне байланысты, яғни пациент ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғаны, сондай-ақ дене қызуы, құрғақ жөтел, интоксикация, тыныс алу жеткіліксіздігі сияқты клиникалық белгілеріне қарай айқындалады. Бұл әдіс ауруға қатысты ахуалды дұрыс болжап білуге, қажетті ресурстарды, медициналық кадрлар мен төсек орындарды, медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмекті дұрыс жоспарлап, статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жұқтырғандардың 70 %-ға жуығы жазылды
«Енді сандар туралы айтайын. Мен осынау көп ақпаратқа бас қатырмай, қысқаша ғана жеткізуге тырысайын. Бүгінгі таңда республикада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 92 662 жағдайы тіркелді. Иә, бұл сан үрей тудыруы да мүмкін. Алайда олардың 67 пайыздан көбі аурудан сауығып шықты. Мұндай жағымды көрсеткіштер баяу болса да өсіп келеді. Жағдай Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қостанай, Ақмола және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ астанада оңалып келеді. Осылайша Қазақстанда КВИ жұқтыру бойынша жағдай тұрақталды деп толық сеніммен айта аламыз. Індеттің шарықтау шегінен өттік. Біздің міндетіміз – бүкіл адам үшін, бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін өте қиын сынақпен келген осы позицияны ұстап қалу», деді ведомство басшысы.
15 стационар жабылды
Сонымен қатар Алексей Цой тағы бір жағымды жаңалық ретінде инфекциялық және провизорлық төсектік орындардың босай бастағанын атап өтті. Осы жылдың маусым айында елдегі кейбір ауруханада жағдай қатты ушығып кеткен еді. Бүгінгі таңда стационарлардың 34 пайызында ғана науқастар жатыр. Бұған төсектік орындарының қорын 48 997-ге дейін арттыру есебінен қол жеткізіліп отыр. Осылайша Қазақстанның 7 өңірінде 15 стационар жабылып, қайта құрылымдалды.
Мұндай оң динамика жедел жәрдем қызметі саласында да байқалады. Маусым айының соңында республикада жедел жәрдем қызметін шақырудың жағдайы 30 мыңға дейін жетіп еді. Карантиннің соңғы екі аптасында жедел жәрдем қызметіне жүгінудің жалпы жағдайы екі есе азайды.
«Дәрігерлердің алтынға бергісіз ережесін есте ұстаған абзал: ауырып ем іздегенше, әрдайым ауырмаудың амалын іздеген дұрыс. Ең бірінші кезекте бұл Сovid-19 ауруына тікелей байланысты тәмсіл. Көп адам медицина қызметкерлеріне өтемақы берер кезде тамызға, яғни коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілгенге дейін анықталған адамдар одан сырт қалмай ма деген сұрақ қойып жатыр. Біз бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Міндетті түрде мәселені жіті зерттейміз. Әрбір жағдай жеке талданады. Әріптестеріміздің ешқайсысы бұл мәселе бойынша алаңдамай-ақ қойсын. Көп уақыт өтпей күз келеді. Бұл статистикада өтемақы мен төлемақы ғана емес, ең бірінші кезекте ресурстарды бөлу, болжау, диагностика мен ауруханаға жатқызу мәселелері қамтылады. Бұл міндеттер – қазіргі уақытта басты маңызға ие», деді Алексей Цой.
Сонымен қатар жиынға ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Кэролайн Кларинваль қатысып, жаңа жіктемеге қатысты кеңінен айтып берді.
ДДҰ жоғары бағалады
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның ДДҰ-ның жаңа жіктемесін Сovid-19 ауруына шалдығу күдігі бар пациенттер үшін пайдалану туралы шешімін жоғары бағалайды. Бұл – әлем бойынша мәліметтерді жинауды стандарттау үшін өте маңызды қадам. Қайта саралау коронавирус инфекциясы жағдайының көбеюін көрсететініне қарамастан, бұл эпидемиялық процесті жақсы түсінуге, ресурстарды жақсырақ бөлуге, ұлттық және аймақтық деңгейлерде жауаптарды дәл жоспарлауға мүмкіндік береді. Науқастар мамандандырылған ауруханаларда емделуге жедел қол жеткізе алады. ДДҰ Қазақстанның ақпарат алмасуда танытқан ашықтығын қолдайды. Вирус әлі де халық арасында таралуда. Тек ортақ күш-жігермен осы пандемияны еңсере аламыз. Әр адамның қосқан үлесі өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үкіметпен және Денсаулық сақтау министрлігімен жұмысты жалғастырады», деді Кэролайн Кларинваль.
Сұрақ-жауап барысында журналистер коронавирус пен пневмонияның жалпы статистикасы неге біріктірілмеді деген сауалды жиі қойды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният бұл статистиканы біріктіру қиынға соқпайтынын, тек халық екеуінің ара-жігін түсініп, ПТР-тесттен КВИ анықталмаса да бейқам жүруге болмайтынын ұғыну маңызды екенін атап өтті.
3 тамыздағы жағдай бойынша бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 1069 зертханалық расталған жағдайы және ПТР-тесттен анықталмаған коронавирус пневмониясының 798 жағдайы тіркелді. Бұл ретте расталған коронавирус инфекциясынан өлім-жітім күніне 34 жағдайды құрады, ал зертханалық расталмаған КВИ тәрізді пневмониядан бір күнде 21 адам көз жұмды.
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 17:40
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Бүгін, 17:29
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Бүгін, 17:25
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Денсаулық сақтау вице-министрі пандемияда қабылданған шаралар туралы айтты
Қазақстан • Бүгін, 17:20
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Коронавирус: Вакцина ектірген екі адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:06
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:04
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 16:54
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:52
188 миллиард теңге жымқырған 4 экс-банкирге сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 16:50
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:50
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:44
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Бүгін, 16:42
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Білім • Бүгін, 16:41
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Спорт • Бүгін, 16:38
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 16:36
Ералы Тоғжанов волонтерлік ұйымдарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Су добынан жасөспірімдер арасында ел үздігі анықталады
Спорт • Бүгін, 16:31
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:25
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Бүгін, 16:22
«Adaldyq alańy» – қоғамдық бақылаудың драйверіне айналды
Қоғам • Бүгін, 16:16
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Бүгін, 16:00
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 15:55
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:41
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:40
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:27
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Бүгін, 15:22
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:18
Алматыда «Чупа-құрт» өнімі нарыққа шықты
Бизнес • Бүгін, 15:15
Нұр-Сұлтанда Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Елорда әкімдігінде «Ashyq» қосымшасының артықшылықтары туралы түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:12
Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады
Туризм • Бүгін, 14:52
Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Шағын несиелер мен жедел несиелердің тәуекелі өте жоғары
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қазақстан мен Қырғызстан әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Ақылбек Күрішбаев: Селекциялық жұмыспен айналысамыз ба, әлде шет елден тағы да мал тасимыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 13:52
Алматы облысында көлік 4 оқушы қызды қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:28
Шарын шатқалында Түркістан сілеусіні видеотұзаққа түсіп қалды
Экология • Бүгін, 13:20
Қыстыгүні де велосипед ұрлаушы шығып отыр
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды
Өнер • Бүгін, 12:58
Алматының санитарлық дәрігерлері коронавирус ревакцинациясын жалғастырып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:39
АӨСШК – Қазақстан сыртқы саясатының жарқын жемісі
Қазақстан • Бүгін, 12:35
Қырғызстан президенті манасшы Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Мәжіліс ЕАЭО-ның темекі өнімдеріне арналған акциздер туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 12:26
Түркістан тас жолдарын тазалауға 100-ге жуық техника шықты
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады
Қазақстан • Бүгін, 12:15
2021 жылы Қазақстанда бес ірі өндіріс ошағы іске қосылады
Экономика • Бүгін, 12:13
Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Атырау жүргізушілері көлікке құятын газ таппай жүр
Аймақтар • Бүгін, 12:01
Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер құрылысы қаржыландырыла ма?
Қоғам • Бүгін, 11:52
Солтүстік Қазақстанның 52 жастағы тұрғыны әйелін ұрып өлтірді
Оқиға • Бүгін, 11:50
Түркістан жолдарын тазалауға 100-ге жуық техника шықты
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 11:46
Қазақстанның 7 өңірі «сары аймақта» тұр
Қазақстан • Бүгін, 11:44
Елордада COVID-19 инфекциясы қаңтар айымен салыстырғанда шамамен 34%-ға төмендеді
Елорда • Бүгін, 11:35
Экология министрі Қызыл кітапқа енген сілеусіннің видеосымен бөлісті
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Ұқсас жаңалықтар