Қырғыздың халық дастаны «Манастан» алғаш рет үзінділерін жазып алып жариялаған Шоқан Уәлиханов қырғыздардың ХІХ ғасырдағы тұрмыс-тіршілігі, діні, географиясы жайлы да құнды деректер қалдырған. Энциклопедиялық ауқымда баяндалған Шығыс Түркістан туралы очеркінде ғалымның Ош қаласы туралы жазбалары да бар.

Суретте: Бұл ХІХ ғасырдың аяғында Н.Щербина-Крамеренко сызған эскиз
Шоқан Уәлиханов: «Оштың төңірегінде Тахты-Сулейман – «Соломонов престол» деп аталған тас, шығыс аңыздары бойынша осы пайғамбардың уәзірі болған Асафтың мазары және Жүніс (Иона) пайғамбардың мазары бар. Біз Оштың төңірегіндегі қасиетті жерлер туралы кітапты өзіміз де оқыдық. Одан белгілі болғандай, Мұхаммед бұл қаланың бар екенін білді және ақ діндегі әрбір адамға өмірінде бір рет болса да Оштағы қасиетті жерге келіп кетуді нұсқады», деп жазған (Ч.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в пяти томах. 3 том, стр 183).
Әрине, Уәлихановтың бұл жазғандарын оқыған адамда «Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Ош қаласын не үшін қадір тұтты екен?» деген сауал туындамай қоймайды. Нақтылай кетейік, Ш.Уәлиханов кітаптың қалай аталатынын жазбаған екен. Жақында Л.Зимин деген автордың «Ош қаласы жөнінде мұсылман аңызы» деген мақаласын кездестіріп, бұл бойынша едәуір мәліметке тап болдық. Алдымен Зиминнің кім екендігіне тоқталайық.
Лев Александрович Зимин (1886-1920) – араб, парсы және түрік тілдері бойынша маман, тарихшы. Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін 1904 жылы тәмамдаған. Сол кездердегі Орта Азиядағы алдыңғы оқу орындарының бірі Ташкент реалдық училищесінде сарт (өзбек) тілінен сабақ берген. Азаматтық соғыс жылдарында Мерв қаласындағы реалдық училищенің директоры болған.
Л.Зимин 1911 жылдың жаз айларында Ош қаласында бір ай бойы ғылыми-зерттеу істерімен айналысады. Ошқа келер алдында Ташкент қаласында болып, Ош қаласы туралы жазылған мағлұматтарды жинайды. Белгілі шығыстанушы оқымысты, ташкенттік Н.П.Остроумов оған «Туркестанская Туземная газета» (Газет 1885-1909 жылдары Ташкентте орыс және сарт (өзбек) тілдерінде шығып тұрған) басылымының 1885 жылғы сандарында өзбек тілінде жарық көрген Ош шаһары жөніндегі мақаланы оқуды ұсынады. Өзбекше жақсы білген Л.Зимин «Ош шаһарының рисаласы» деген осы мақаланы оқып, біраз мәліметке қанығып, Ош қаласына барып келгеннен кейін, 1913 жылы Ташкентте шығып тұрған «Протоколы заседаний и сообщения членов Туркестанского кружка любителей археологии. Год XVII (11 декабря 1912 г. – 11 декабря 1913 г.). Ташкент, 1913» деген жинақта жариялайды. Зимин мақаланы жай ғана аударып қоймай, оған ғылыми түсіндірмелер мен Ошқа барғандағы көрген-білгендерін жазған.
Газеттегі рисала (аңыз-әңгіме) Ош қаласының осылайша аталу тарихынан басталыпты. «Алғашқыда Ош Хайр-уль-Бульдан (арабша, «қалалардың ең жақсысы» – Н.Б.), сондай-ақ Ош деп аталды, кейінгі атаудың шығуы төмендегідей: Құдіретті Алла тағала Әзіреті Жәбірейілге Әзіреті Адамға егін еккенді үйрет деп бұйрық берді. Әзіреті Жәбірейіл сол сәтте пейіштен жұп өгізді шығарып, Әзіреті Адамға жерді өңдеуді үйретіп, оған айтты: «Оу, Адам, Құдіретті Алла тағала саған нанды (шикідей) жемесін деді. Әзіреті Адам мақұл болды. Әзіреті Жәбірейіл жер өңдейтін соқаны әзірлеп, оны Адамға берді. Адам жұп өгізге мойынтұрық салып, Үндістаннан Басрия жеріне дейін, ол жақтан Персияға дейін жүріп өтті, бірақ өгіздерді артқа қарай бұра алмады. Сонда Жәбірейіл «Һош» деп айтып, оларды бұрды. Осыдан барып Ош атауы келіп шықты».
Л.Зимин мақалаға түсіндірмесінде тарихшы В.Наливкинге сілтеме жасап, аңыздың басқа нұсқасында Адам-Атаның орнында Сүлейменнің аталатынын да айтады. Сондай-ақ Л.Зимин Х ғасырда өмір сүрген тарихшы Әл-Истахридің кітабынан мынадай үзіндіні келтірген: «Ош қаласының қоныстары сыртынан дуалдармен қоршалған, ішінде қамал және басқарушының үйі бар, ол (көршілес) түріктерді бақылайтын қарауыл мұнарасы бар тауға жанаса салынған. Демек, бұдан Х ғасырда Ош қаласына дейінгі жер Персия деп аталып, қала парсылар мен түріктердің шекарасы болғанын аңғарамыз».
Ош қаласы не үшін қасиетті деп саналғанын рисаладағы мына жолдардан байқаймыз: «Әзірет Әлінің (оған Алла разы болсын) Аса мейірімді елшіден (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) естіп, айтып кеткені төмендегідей: «Бір күні түнде мен миғражға көтерілдім. Төртінші қабатқа жеткенімде шығысқа және батысқа көз жүгірттім, шығыс жақтың қиырында жарықты көрдім: құдды аспанға жарық шамды іліп қойғандай, Бакы мазарындағыға ұқсас (Бакы мазары – Меккеде. Мұхаммед пайғамбар оған барып, қайтыс болғандарға дұға оқып тұратын болған. Мұнда пайғамбардың туысқандары, жолдастары, сахабалары т.т. жерленген – Л.З.). Сонда мен Әзіреті Жәбірейілден: «О, менің Жәбірейіл ағам, қиыр шығыстан Бакы мүрдесіндегі жарыққа ұқсас аспанға көтеріліп бара жатқан жарықты көрдім», дедім сұраулы жүзбен. Әзіреті Жәбірейіл жауап берді: «О, Мұхаммед, сіз сұраған қиыр шығыстағы жарық сол жақтағы жерде. Ол жердің аты – Хайр-уль-Бульдан немесе Ош. Ол жерде тау бар. Әзіреті Сүлеймен бұл таудағы мешітте Алла тағалаға көп мақтаулар айтып, тағзым жасаған». Сосын Әзіреті Жәбірейіл бұған байланысты оқиғалардың барлығын бастан-аяқ айтып берді. Сонда Алла тағаланың қасиетті елшісі (с.ғ.с.) барлық мәселелерді естіп, тілек (тиесілі) тіледі. Сол сәтте Әзіреті Жәбірейілге (ғ.с.) Құдіретті Алла тағаладан пәрмен келді. Құдіретті Алла тағала бұйырды: «Ош тауын аспанның төртінші қабатына көтер, бірде-бір жан иесі мұны білмесін». Сол мезетте Әзіреті Жәбірейіл ол тауды аспанның төртінші қабатына көтерді, ешкім бұл жөнінде білген жоқ».
Тағы бір аңызда Ош жері суымен қоса аспанға көтерілді деп айтылады. Алла тағаланың қасиетті елшісі (с.ғ.с.) мешітке кіріп, екі рәкат намаз оқыды, Әзіреті Сүлейменнің таза рухына көңіл бұрған Алла тағаланы мақтап дұға оқыды және күнәһарлардың, бүлікшілердің және арамза адамдардың күнәларын кешіруді, тауды өз орнына қоюды сұрады. Әзіреті Жәбірейіл тауды өз орнына бекітті. Алла тағаланың Елшісі сол мешіттегі тасқа қолының және маңдайының ізін қалдырды. Егер қайсыбір дінге сенген кісі мешітке кіріп, екі рәкат намаз оқыса және сол киелінің (Мұхаммед пайғамбардың – Н.Б.) қалдырған қасиетті белгісіне тағзым жасаса, бұл адамды қияметте тірілгенде тозақтың оты шарпымайды, (Алла тағаланың) Елшісі (с.ғ.с.) оны құтқарады және пейішке кіргізеді».
Миғраж туралы әңгіме Қожа Ахмет Яссауиге байланысты діни аңызды еске түсіреді. Діни рауаяттарда мұндай баян бар. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) миғражға көтеріліп бара жатқанда, үш адамның рухын көріпті. Әзіреті Жәбірейілден «Бұлар – кім?» деп сұраса, Әзіреті Жәбірейіл: «Бұлар сіздің үмбеттеріңіз. Бірі – Имам Ағзам, екіншісі – Ғаусыл Ағзам, үшіншісі Қожа Ахмет» деп жауап берген. Ел арасында айтылып жүрген «Меккеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» деген сөз осындай аңыздардан келіп шықса керек.
Қырғыздар Ошты екінші Мекке деп есептейді. Бұған Ибрагим, Сүлеймен және Мұхаммед пайғамбарлар (с.ғ.с.) туралы ел аузындағы әпсаналар себеп болғаны сөзсіз.
Л.Зимин мақаланың түсіндірмелерінде ел аузындағы әңгімелерге сене бермеу керектігін, Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткен соң, 200 жылдан кейін дінде жік пайда болып, соны ауыздықтау үшін әңгімені пайғамбардың атынан баяндау әдетке айналуы мүмкін екендігін еске салған. Автор ғылыми іс-сапары кезінде Сүлеймен тауда көргендерін: «Тахты-Сүлейманға әлденеше рет барғанымда, ешкім маған Мұхаммедтің ізін көрсете алған жоқ, есесіне Сүлеймен қалдырған іздерді қадам басқан сайын көрсетіп жатты. Өткен ғасырдың аяғында Ошқа келген Щербина-Крамеренко мырза түземдіктердің көрсетуі бойынша Сүлейменнің тауға келгендегі ізін егжей-тегжейлі суреттеген. Бірақ Мұхаммед қалдырған ізді көрсетті деп айтпайды», деп тым қысқа қайырған.
Санкт-Петербургтегі Императорлық көркемөнер академиясының жолдамасымен 1895-1897 жылдары Орта Азиядағы көне ескерткіштерді зерттеген тарихшы-археолог, архитектор, суретші-кескіндемеші Николай Щербина-Крамеренконың (1863-1913) Сүлеймен тау туралы айтылған «Орта Азиядағы қасиетті мұсылман әулиелер жөнінде (саяхаттық жазбалар және әсерлер)» аты мақаласы 1896 жылы Самарқандта жарық көрген «Самарқанд облысының 1896 жылғы анықтама кітабы» деген басылымда жарияланыпты.
«Ежелгі Ош ғажайып Тахты-Сүлейман тауының етегінде созылып жатыр, – деп жазады Н.Щербина-Крамеренко. – Ең ғажабы, менің көргенім, бұл сарттардың киелі орны – Сүлеймен патшаның мазары және үйшігі. Бұралаңдаған жартасты соқпақпен көздеген биікке шығып, мен түнеріңкі отырған молдаларды көрдім. Олар маған Сүлейменнің кебісшісі тұрған делінетін үңгірді көрсетті. Одан әрі жартастағы екі ойықты көрсетті. Айтуларынша, біреуіне Сүлеймен осы жерде дем алғанда аяғын салып отырыпты, оның ар жағында тас бар, оған Сүлеймен отырған сыңайлы... Жартастың арғы жағындағы Сүлейменнің мүрдесі бар жақтан тауға ойылған тағы екі дөңгелек ойықты көрсетті, бұл жерде Сүлеймен жуынады екен, сондай-ақ оның шипалы қасиеті бар деп санайды. Сондықтан сиынушылар ауырған бастарын ойыққа салады екен. Бұлардан жоғары жерде жаңадан салынған кішкентай мазар бар, сол жердегі жартастан екі жалпақ ойықты көрсетті, арасы бір-бірінен бір аршын, мұны Сүлейменнің намаз оқығандағы тізелерінің іздері деп айтты. Бұл ойықтардың алдында кішірек үшеуі бар, бұлар – Сүлейменнің көз жасы тамшыларының ізі».
Рисалада Хайр-уль-Бульданда (Ошта) Әзіреті Жәбірейілдің (ғ.с.) аяғының 11 із-таңбасы қалғаны да жазылыпты. Сондай-ақ Баракух тауына (Сүлеймен таудың тағы бір атауы) 366 пайғамбардың және Алла елшілерінің табаны тиген деп айтылады да, мақала: «Әзіреті Мұхаммед Журжаниден (оған Алла разы болсын) бізге жеткендей, Ош жерінде жерленген әулие кісілердің, шейхтердің, үлемдердің, жақсы адамдардың, пайғамбарлардың, дін таратушылардың санын бір Алладан басқа ешкім білмейді, Алла ақиқатты өте жақсы біледі», деп аяқталады. Анығында, Ош маңайында жұрт сиынған әулиелер көп. Жоғарыда аталғандардан басқа белгілілері – Ыдырыс пайғамбардың күмбезі бар, ал енді Аюб пайғамбар шипалы суынан денесіндегі жарадан айыққан жерде қазір Жалалабад санаторийі халыққа қызмет көрсетуде.
Назарбек БАЙЖІГІТОВ,
Қырғыз Республикасы Үкіметі «Қырғыз Туы» газетінің жауапты хатшысы,
арнайы «Egemen Qazaqstan» үшін
Бішкек
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:04
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 16:54
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:52
188 миллиард теңге жымқырған 4 экс-банкирге сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 16:50
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:50
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:44
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Бүгін, 16:42
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Білім • Бүгін, 16:41
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Спорт • Бүгін, 16:38
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 16:36
Ералы Тоғжанов волонтерлік ұйымдарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Су добынан жасөспірімдер арасында ел үздігі анықталады
Спорт • Бүгін, 16:31
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:25
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Бүгін, 16:22
«Adaldyq alańy» – қоғамдық бақылаудың драйверіне айналды
Қоғам • Бүгін, 16:16
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Бүгін, 16:00
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 15:55
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:41
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:40
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:27
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Бүгін, 15:22
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:18
Алматыда «Чупа-құрт» өнімі нарыққа шықты
Бизнес • Бүгін, 15:15
Нұр-Сұлтанда Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Елорда әкімдігінде «Ashyq» қосымшасының артықшылықтары туралы түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:12
Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады
Туризм • Бүгін, 14:52
Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Шағын несиелер мен жедел несиелердің тәуекелі өте жоғары
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қазақстан мен Қырғызстан әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Ақылбек Күрішбаев: Селекциялық жұмыспен айналысамыз ба, әлде шет елден тағы да мал тасимыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 13:52
Алматы облысында көлік 4 оқушы қызды қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:28
Шарын шатқалында Түркістан сілеусіні видеотұзаққа түсіп қалды
Экология • Бүгін, 13:20
Қыстыгүні де велосипед ұрлаушы шығып отыр
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды
Өнер • Бүгін, 12:58
Алматының санитарлық дәрігерлері коронавирус ревакцинациясын жалғастырып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:39
АӨСШК – Қазақстан сыртқы саясатының жарқын жемісі
Қазақстан • Бүгін, 12:35
Қырғызстан президенті манасшы Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Мәжіліс ЕАЭО-ның темекі өнімдеріне арналған акциздер туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 12:26
Түркістан тас жолдарын тазалауға 100-ге жуық техника шықты
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады
Қазақстан • Бүгін, 12:15
2021 жылы Қазақстанда бес ірі өндіріс ошағы іске қосылады
Экономика • Бүгін, 12:13
Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Атырау жүргізушілері көлікке құятын газ таппай жүр
Аймақтар • Бүгін, 12:01
Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер құрылысы қаржыландырыла ма?
Қоғам • Бүгін, 11:52
Солтүстік Қазақстанның 52 жастағы тұрғыны әйелін ұрып өлтірді
Оқиға • Бүгін, 11:50
Түркістан жолдарын тазалауға 100-ге жуық техника шықты
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 11:46
Қазақстанның 7 өңірі «сары аймақта» тұр
Қазақстан • Бүгін, 11:44
Елордада COVID-19 инфекциясы қаңтар айымен салыстырғанда шамамен 34%-ға төмендеді
Елорда • Бүгін, 11:35
Экология министрі Қызыл кітапқа енген сілеусіннің видеосымен бөлісті
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Сенаторлар ҰҚШҰ ПА комиссияларының жұмысына қатысты
Парламент • Бүгін, 11:27
Қазақстанның ірі зертханалары ПТР бағасын төмендетіп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 11:26
Халық ықыласына бөленген - ән Хадиша
Руханият • Бүгін, 11:24
Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді
Аймақтар • Бүгін, 11:19
Көктемгі әскерге шақыру: Елордадан 800-ден астам азамат жіберіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім?
Спорт • Бүгін, 11:15
СҚО көктемгi тасқынға дайындалуда
Аймақтар • Бүгін, 11:13
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан 2 бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Елорданың санитарлық дәрігері тұрғындарға үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Қазақстанға 246 әуе жолаушысы ПТР анықтамасыз келген
Қоғам • Бүгін, 10:43
Қауіпті инфекциямен екі ай бойы ауруханада жатқан жүкті әйел жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:38
Ұқсас жаңалықтар