Медицина • 04 Тамыз, 2020

Атырауда 7 млрд теңгеге 75 орындық аурухана салынып жатыр

842 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой ауданының орталығы –Құлсары қаласында 75 орындық  аурухана құрылысы басталды, деп жазады Egemen.kz

Атырауда 7 млрд теңгеге 75 орындық аурухана салынып жатыр

Оған "Теңізшевройл" ЖШС-нің  "Игілік" бағдарламасымен 7175,4 млрд теңге бөлініп отыр. Биылғы мамырда құрылысы бастау алған аурухананы келесі жылы пайдалануға беру көзделіпті.

Жобалаушылардың мәліметінше, аурухананың негізгі корпусы 55 орынға есептеліпті. Бұған қоса 10 орындық балалар, 10 орынға есептеглген инфекциялық бөлімшелер болады. Аурухана аумағында кір жуатын бөлмелер, көлік гаражы, бақылау-тексеру бекеттері, өрт сөндіру жабдықтары, 65 текше метр таза су жинайтын цистерна, септик,  пациенттер үшін автотұрақ қарастырылып отыр. Құрылыс жұмысына жергілікті тұрғындар тартылыфпты.

Аурухана құрылысымен танысқан  облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов  мердігерлерге сапалы әрі белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды.