Бизнес • 04 Тамыз, 2020

Ресейде мейрамхана бизнесі тоқтап қалды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Wheretoeat жүргізген зерттеуге қарағанда Ресейдегі мейрамханалардың 15 пайызы шектеу алынған күнде де жұмысын жалғастыра алмай қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресейде мейрамхана бизнесі тоқтап қалды

Әсіресе бұл Орал тауын бойлай қонғандарға тән болып тұр дейді зерттеушілер. Нақтылай айтсақ, Татарстандағы мейрамхана, дәмханалардың 16 пайызы осындай күй кешіп, адамдар табысынан, жұмысынан айрылған.

Ал Мәскеуде мейрамхана бизнесі ондай күйреуге түспеген екен. Астанадағы мейрамханалардың 94 пайызы жұмыстарын әрі қарай жалғастырып кеткен көрінеді. "Жыланның үш кессе де кесірткедей күші бар" дегендей мәскеуліктер тегеуріні вирусты да елемеген сыңайлы.