Аймақтар • 04 Тамыз, 2020

Алматыда із-түзсіз жоғалған бес жасар қыз аман-есен табылды

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ойнап жүріп, жоғалып кеткен бес жасар қыз аман-есен табылды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Алматыда із-түзсіз жоғалған бес жасар қыз аман-есен табылды

Полицияға Жұлдыз ықшамауданында кешкі сағат бестер шамасында кішкентай қыз жоғалып кетті деген хабарлама келді.

Баланың анасының айтуынша, Аймира басқа балалармен бірге аулада ойнап жүрген. Бір кезде қыз жоғалып кетті, ол самокатта болған. Ата-аналар баланы жарты сағаттай өз бетінше іздеуге тырысты. Олар көрші аулаларды аралап өтіп, жолаушылардан сұраған.

Бірақ өкінішке қарай, еш нәтиже болмады. ЖБО-на қоңырау сағат 16:52-де келіп түсті. Олар баланы жедел іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.

"Қылмыстық, ювеналды полицияның жеке құрамы, сондай-ақ, учаскелік инспекторлар тартылды. Шағын ауданға жақын жерде темір жолдар мен бөренелер бар жерлерді мұқият қарау маңызды болды. Жеке секторда іздестіру топтары бірнеше бөлікке бөлінді. Бақытымызға орай, бала сол жерден табылды. УПП-93 учаскелік инспекторлары сезімталдық, ұқыптылық пен кәсібилікті көрсетті. Олар сәбиді бір сағаттың ішінде тауып алды", деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының басшысы Еркін Амантаев.

Аймираны полиция анасына тапсырды. Қыздың көпбалалы және әлеуметтік жағдайы жақсы отбасынан екендігі белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03