Қазақстан • 05 Тамыз, 2020

"Шәмшінің әнін шырқа!" әуендер жобасы жарияланды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы композитордың 90 жылдық мерейтойына орай, әлеуметтік желіде "Шәмшінің әнін шырқа!" әуендер жобасын жариялайды, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Шәмшінің әнін шырқа!" әуендер жобасы жарияланды

Жобаға қатысу үшін сазгердің өзіңіз сүйіп тыңдайтын әнін орындап, әлеуметтік желідегі парақшаңызға жариялаңыз. Жарияланымға #Шәмші90жас хештегін қойып, @qazaqstantv парақшасын белгілеу қажет.   Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмайды.   

Қосымша талаптар: 

  • Әнді толық орындау;
  • Ұялы телефонды көлденең (горозонталды) түрде қойып түсіру;  

Ең сәтті шыққан түсірілімдерден бейнебаян әзірленіп, "Qazaqstan" және "Abai" телеарналарының эфирінен көрсетіледі.