Колледж
Педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыт студенттері қашықтан оқиды.
Технологиялық, аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтарының студенттері ішінара қашықтықтан оқиды. Дәріс және семинар сабақтары онлайн өтсе, зертханалық сабақтар және өндірістік тәжірибе дәстүрлі форматта жүргізіледі.
Алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді, бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын болады (бірнеше топ құрылады).
Бакалавриат
Жоғары оқу орындарында студенттер негізінен қашықтан оқыту форматында оқиды.
Педагогикалық ғылымдар, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар қашықтан оқиды.
Табиғи, техникалық және аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлар онлайн, зертханалық және практикалық сабақтар штаттық режимде өткізіледі.
Магистратура мен докторантура
Сабақтар ішінара қашықтықтан оқытылады.
Интернатура мен резидентура
Оқу дәстүрлі формата жүретін болады.
Колледж және жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу жылы негізінен қашықтан оқыту форматында басталады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Білім саласындағы әріптестік дәнекері
Білім • Бүгін, 09:50
Жаңалығы жоғары бағаланған ғалым
Тұлға • Бүгін, 09:45
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Кәсіпкер • Бүгін, 09:35
G20: Аштық пен кедейлікке қарсы жаһандық альянс құрылады
Әлем • Бүгін, 09:30
Парламентаралық байланыстың байыпты жолы
Саясат • Бүгін, 09:25