Әлем • 05 Тамыз, 2020

АҚШ-та дауыл салдарынан 3 млн-нан астам адам жарықсыз қалды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Исайас" күшті тропикалық дауылы АҚШ-тың шығыс жағалауына орасан зор зардабын алып келді. Апат кезінде кем дегенде 5 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz

АҚШ-та дауыл салдарынан 3 млн-нан астам адам жарықсыз қалды

Дауыл аралас жауған жаңбырдан жол бойындағы ағаштар мен үйлерді қиратып, аласапыран салдарынан 3 миллионнан астам тұрғын электр қуатынсыз қалды.

Исайас дауылы оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжып, Американың 13 штатына екпінді соққысын қалдырды. Мәселен, Нью-Джерсиде желдің жылдамдығы секундына 47 метрге жетті. Оның екпінінен үйлердің шатыры қирап, жеңіл көліктердің саутамтығы қалмады.

Сонымен қатар, Вашингтонда бірнеше сағат ішінде рекордтық 55 миллиметр көлемінде жауын-шашын түсті. Нәтижесінде, қалалық метроның бірнеше станциясы су астында қалып, уақытша жабылды. Қазір дауыл АҚШ шекарасын кесіп өтіп, Канада аумағына да жетті.