Әлем • 06 Тамыз, 2020

Tik Tok-тың АҚШ-тағы тағдыры қиын

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ пен Қытай арасын­да­ғы қатынастың ушығуы кейбір компаниялардың жағдайын қиындатып жіберді.

Tik Tok-тың АҚШ-тағы тағдыры қиын

Дональд Трамп Қытай өнімдерінің елде еркін қолданыста болуына қысым көрсетіп келеді. Жүз миллионға жуық америкалық қолданушысы бар Tik Tok әлеуметтік желісінің жұмысына да тосқауыл қойылды. Оған себеп ретінде президент әкімшілігі ұлттық қауіпсіздікті алға тартты. Алайда Micrsoft компаниясы қытайлық өнімнің АҚШ-тағы қызметін сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Алпауыт компания келіссөзді қыркүйектің ортасына дейін аяқтауды көздеуде. Сарапшылар осылайша елдегі аса ірі әрі беделді әлеуметтік желіні иемденген Micrsoft сала үздіктері Facebook, Google компанияларына бәсекелес бола алады деп есептейді. Tik Tok кейінгі жылдары жастар арасында кеңінен танымал болған платформалардың бірі. 150 елде, 75 тілде қызмет көрсететін қосымшаны былтыр бір миллиардтан астам қолданушы жүктеген.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше