Қазақстан • 06 Тамыз, 2020

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 50 адам қайтыс болды

7105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1530 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 50 адам қайтыс болды

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 912 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 139 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 507 науқас жатыр. 20 405 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 170 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 36 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.