Коронавирус • 06 Тамыз, 2020

Африканы кезген COVID-19

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері қара құрлық КВИ қаусырған шеңгелден босап шыға алмай, жанталас үстінде.

Африканы кезген COVID-19

REGNUM ақпарат агенттігінің хабарлауынша Ливияда өткен тәулікте ауру жұқтырудың ең көп тіркелуі анықталған. Яғни тест тапсырған  1618 адамның 251–інде вирус бар болып шыққан. Осылайша ел көлемінде КВИ ағзасына қонақтаған жанның саны 4475-ті құраған.

Оңтүстік Африка республикасы Денсаулық сақтау министрі  Звели Мхидзе БАҚ өкілдеріне арнап өткізген виртуалды брифингте : "Тамыздың аяғына қарай аурудың белең алуы басылады деп күтеміз. Алайда пандемияның екінші толқыны соғу қауіпі барлығы да рас. Дегенмен елдің үш аймағында бәсеңдеу белігілері бар", екенін айтқан.

Министр сонымен қатар ауруханада орын жетпей жатқанын, соңғы күндері вирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асып кеткеніне тоқталды.

Мозамбик билігі SARS-CoV-2 өршіп тұруына байланысты жарияланған Төтенше жағдай режімін бір айға әлідеұзарту керек деген шешім шығарған. Бұл жайында Мозамбик президенті Филип Ньюси мәлімдеді. "Бұл шара екі қағидатты негізге алуы тиіс. Біріншісі–ауруды болдырмауда сақтықты күшейту мен COVID-19-ды ауыздықтауға, екіншісі – экономиканың қалыпты күйіне түсуіне қоғамға кепілдік беру", деген.