Ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, ағымдағы жылы ауылшаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 мың гектарға артқан.
Дала жұмыстарына тракторлар, тұқым сепкіштер, жер қопсытқыштары, топырақ өңдейтін агрегаттардың 95 пайызға жуығы жұмылдырылып, егу мерзімдері толығымен сақталды.
Сонымен қатар минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 105 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 74,5 млн теңгеге 1125 тонна тыңайтқыш субсидияланған.
Қалада жалпы ауылшаруашылығы мақсатында 62,6 мың гектар жер көлемі бөлінген. Егістік жер - 39,5 мың гектар болса, суармалы жерлердің көлемі 11мың гектарды алып жатыр.