Руханият • 08 Тамыз, 2020

Абай күні "Астана Опера" ұлттық өнердің шедеврін ұсынады

724 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық классиканың тың жаңалығы – А.Жұбановтың "Абай" операсы, Л.Хамидидің нұсқасында жазылған М.Әуезовтің либреттосын 10 тамыз күні Tengri TV-де және "Абай ТВ" телеарнасында көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Абай күні "Астана Опера" ұлттық өнердің шедеврін ұсынады

"Сіздермен бірге жаңа мереке – Абай күнінің тойланатына куә бола аламыз. Ол әлемдік классикалық өнердің ең айшықты оқиғаларының қатарында лайықты орын алатынына сенімдімін. "Астана Опера" театры ұжымының атынан осы тамаша оқиғаның бастамашысы болған Мәдениет және спорт министрлігіне алғысымды білдіремін. Осы айтулы күні "Астана Опера "өзінің ең үздік спектакльдерінің бірі – Tengri TV-де және жақында ашылған "Абай ТВ" телеарнасында "Абай" операсын ұсынады. Естеріңізге сала кетейін, театр осы туындыны қойғаны үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын алды. Спектакльді көру кезінде барша қазақстандықтарға ағартушы, философ, ойшыл, ақын, хакім Абай Құнанбаевтың керемет әлеміне енуді тілеймін. Оның іргелі идеялары бүгінгі күні де өзекті", деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері "Астана Опера" МОБТ директоры Ғалым Ахмедьяров.

"Абай" операсының елордалық тұсаукесерімен музыкатанушылар осы ұлттық шедеврдің дамуындағы жаңа кезеңді байланыстыратынын атап өткен жөн.

Сыншылардың пікірінше, "Астана Опера" қойылымы театр шығармашылығындағы жаңа деңгей, Қазақстанның опера өнеріндегі жаңа кезең болып табылады. Бұл музыкалық және сахналық туындының тағдырында ол классикалық әлемдік түсінікте опералық жетілудегі биіктікке көтерілудің өзіндік нәтижесі болып көрінеді.