Қазақстан • 09 Тамыз, 2020

Astana командасы халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Astana командасын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Astana командасы халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

"Сіздерді жасөспірімдер арасындағы Four Cities Friendship Chess Championship 2020 - Junior Division халықаралық онлайн шахмат бəсекесінде жеңіске жетулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер халықаралық шахмат күніне орай ұйымдастырылған тартысты бəсекеде басым түсіп, қатарластарыңыздың алды екендеріңізді паш еттіңіздер. Командалық ауызбіршілік танытып, ақыл-ой үстемдігін айғақтайтын кездесулерде оза шапқандарыңыз орасан еңбек пен жеңіске деген ерік-жігердің нәтижесі деп білемін.

Алдағы уақытта да тума дарындарыңыз бен қарым-қабілеттеріңізді ұштастырып, толайым табыстарға қол жеткізе беріңіздер.

Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, баршаңызға зор денсаулық, биік белес, қажымас қайрат тілеймін!",-деп жазылған құттықтау хатында.

Айта кетейік, онлайн матч-турниріне Нұр-Сұлтан, Гонконг, Сингапур және Пенанга (Малайзия) қалаларынан командалар қатысты. Astana шахмат командасының атынан ҚР чемпиондары мен чемпионаттардың жеңімпаздары: Абдуллаев Аят, Ақылбай Иманғали, Сапенов Даниял, Аңсат Алдияр, Хажатұлы Әлихан, Нұрғалиев Сауат, Талғатов Назар, Мамедов Эдгар, Арын Алидар, Қуандықұлы Данис, Намазкеев Нұрсұлтан, Абсаттар Алишер, Қализа Айжарық, Нұрғалиева Зарина, Жапарбекова Малика, Қалиахмет Елназ, Диасқызы Далия, Аманжол Ханзада бақ сынасты.

Нәтижесінде елордалық команда 44 ұпай жинап, І орынды иемденді.