Қоғам • 10 Тамыз, 2020

Тұрғындарды алаңдатқан сұрақтар басты назарда

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары аймақтарға сапары барысында пандемия салдарынан қиын жағдайда қалған тұрғындар мәселесіне айрықша назар аударуда, - деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындарды алаңдатқан сұрақтар басты назарда

"Nur Otan", "Ақ жол", "Халық коммунистері" парламенттік фракцияларының өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттары бірнеше бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Олар: әлеуметтік мәселелер, тұрғындарға тікелей көмек, еңбекпен қамту, шағын және орта бизнесті қолдау.

Сондай-ақ депутаттар азаматтардың денсаулығын, экономикалық әл-ауқатын жақсарту бағытына баса көңіл бөле келіп, қайырымдылық акцияларына, әлеуметтік және еріктілер жобаларына белсене қатысуда.

"Халық коммунистері" фракциясының мүшелері Айқын Қоңыров пен Жамбыл Ахметбеков қазіргі уақытта "Шапағат" партиялық қайырымдылық жобасы аясында шараларға қатысуда. Мұнда мұқтаж жандар азық-түлік түрінде атаулы көмек алады және онлайн түрде заңды әрі психологиялық көмекке жүгіне алады.

Сонымен бірге онлайн режимде Мәжіліс депутаттары азаматтарды жеке сұрақпен қабылдайды. Фракция жетекшісі Айқын Қоңыров атап өткендей, азық-түлік тек қана қазақстандық өнімдер. Депутаттардың аймақтардағы жұмысы одан әрі жалғасуда.