Сенат депутаты Рысқали Әбдікеровтің Қарағанды облысына жұмыс сапары Осакаров ауданымен жалғасты, - деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған ауданда "Ауыл – ел бесігі" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламалары аясында 40-тан астам жоба іске асырылып жатыр. Бұған 3 миллиард теңге шамасында қаражат бөлініп, 210-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған.
Сенатор жаңа оқу жылында қашықтан оқыту форматы жалғасатынын ескеріп, білім беру үдерісін қамтамасыз ететін интернет байланысының сапасына назар аударды. Сондай-ақ аудандағы мектептердің жөндеу жұмыстарымен де танысты. Жергілікті атқарушы орган өкілдері дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын және оқушылардың толыққанды білім алулары үшін барлық жағдайдың жасалатынын, соның ішінде мектептердің техникалық қажеттіліктермен қамтылатынын жеткізді.
Сонымен қатар Рысқали Әбдікеров аудандағы медициналық мекемелердің және дәріханалардың жұмысына, аса қажетті дәрі-дәрмектердің жеткілікті екеніне ерекше көңіл бөлді. Орталық аудандық ауруханаға арнайы барған депутатқа мамандар медициналық препараттардың жеткілікті екенін және қажетті қоры жиналғанын айтты. Бүгінде аудан бойынша коронавирус жұқтырған 142 науқас тіркелген. Дәрігерлердің жанкештілігінің арқасында олардың 109-ы емделіп шықты. Сенатор халықпен кері байланыс орнатудың маңызына тоқталып, бүгінгідей күрделі кезеңде оның өзектілігі арта түскенін тілге тиек етті.
Одан бөлек, Сенат депутаты "Қазақмыс" корпорациясының "Бөрлі" көмір разрезіне барып, шахтерлердің пандемия кезіндегі жағдайымен және жұмысымен танысты. Сондай-ақ Жансары ауылында орналасқан бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін кәсіпорынға да арнайы ат басын бұрды. Бұл жерде 150 адам жұмыспен қамтылған. Зауыт басшылығымен кездесуінде депутат мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көрсетіліп жатқан қолдау шараларына тоқталды.
Рысқали Әбдікеровтің Қарағанды облысына жұмыс сапары әлі де жалғасады. Алда өңір басшылығымен кездесулер және тағы бірнеше ауданға сапарлар жоспарланған.
Қазақстан мектептері бес күндік оқу аптасына көшеді
Білім • Бүгін, 13:52
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 13:38
Алматыда алаяқтық дерегіне қатысты күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:23
Елімізде бір жылда қант 86,6% қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 12:51
Жер кадастры базасының жұмысы толық қалпына келтірілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Өскеменде есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:12
Елордада Орталық Азия волонтерлер форумы басталды
Елорда • Бүгін, 11:58
Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді
Оқиға • Бүгін, 11:50
Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 11:48
Ақмолада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Жыл соңына дейін елімізде 5 ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 11:16
Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 10:59
Семейде есірткі сатқан студенттер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:43
Балқаш маңында жаңа күн электр станциясы салынды
Қазақстан • Бүгін, 10:28
Қаржы • Бүгін, 10:17
Шымкентте мақта өңдейтін зауыттан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Елімізде 9,5 млн адам екпе салдырды
Коронавирус • Бүгін, 09:49
Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Өзбекстанда газ баллоны жарылып, алты адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:22
Рыбакина АҚШ-та өткен турнирдің ширек финалына өтті
Теннис • Бүгін, 09:16
COVID-19: Елімізде 1338 адам емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 951 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:55
Спорт • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Жетісу мектептері жаңа оқу жылына дайын
Білім • Бүгін, 08:52
Халықаралық олимпиадада олжа салды
Аймақтар • Бүгін, 08:50
Спорт • Бүгін, 08:48
Спорт • Бүгін, 08:46
Спорт • Бүгін, 08:45
Қарағайлы өлке – туризмнің інжу-маржаны
Туризм • Бүгін, 08:43
Ұлықұм етегінде ұйымдастырылған игі іс
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Жастар спорты қолдауды қажет етеді
Спорт • Бүгін, 08:40
Руханият • Бүгін, 08:39
Аймақтар • Бүгін, 08:37
Білім • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:34
Көпбалалы отбасыларға – 198,7 млрд теңге
Қоғам • Бүгін, 08:33
Шаруаның шағымы: Халықпен кездесулерде мыңнан астам мәселе көтерілген
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Ұқсас жаңалықтар