Аймақтар • 10 Тамыз, 2020

Талдықорған қаласындағы екі провизорлық орталық жабылды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жұқпалы індетпен күресу шарасы оң нәтиже бере бастады. Өңірдегі эпидемиялық жағдай күн сайын жақсарып келеді. Оның дәлелін індет жұқтырғандар санының кеміп, емделіп шыққан науқастардың үлесі артқанынан байқауға болады, - деп хабарлайды egemen.kz.

Талдықорған қаласындағы екі провизорлық орталық жабылды

Мәселен, бүгін Талдықорған қаласындағы  екі провизорлық орталық жабылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков провизорлық стационарларды кезең-кезеңмен консервациялау басталғанын айтты. Жалпы облыстағы стационарлар жүктемесінің төмендеуіне байланысты инфекциялық төсек саны 520 орыннан 490 орынға,  провизорлық төсек саны 3560 орыннан 2541 орынға дейін  қысқартылған.

"Аймақта індетпен күрес жұмысы бір сәтке де толастаған жоқ. Дәрігерлердің жанқиярлық еңбегі арқасында емделіп шыққан науқастар саны артып, дерт жұқтырғандар үлесі төмендеді. Осындай оң өзгерістен кейін Талдықорған қаласындағы әскери госпитальда ашылған провизорлық орталықты жабу туралы шешім қабылдадық. Енді госпиталь қалыпты жұмысын бастайды. Сонымен қатар облыс орталығындағы аймақтық тері-венерологиялық диспансер де провизорлық қабылдауды тоқтатып, жоспарлы түрде науқастарды қабылдауға дайын", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков басқарма басшысы.

Айтпақшы, осы сәтте Алматы облысының ауруханаларының негізінде ашылған провизорлық орталықтарда  1043 адам ем қабылдап жатыр. Жалпы, бүгінге дейін 4048 науқас дерттен айығып, жазылып шыққан екен.