Аймақтар • 10 Тамыз, 2020

Жаркент өңіріне жылдамдығы жоғары интернет желісі жетті

777 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дерек бойынша Қазақстанда интернет тұтынатын абоненттер саны 17,5 млн адамға жеткен. Оның ішінде 15 млн тұтынушы ғаламтор қызметін ұялы байланыс желісі арқылы пайдаланып отыр. Ал осы сәтте елімізде жылдамдығы жоғары әрі кеңжолақты интернетті қолданатын 14 млн 800 абонент бар, - деп хабарлайды egemen.kz.

Жаркент өңіріне жылдамдығы жоғары интернет желісі жетті

Яғни, ғаламтор байланысы адам өмірінде маңызды орын алатын қажеттіліке айналды. Демек, оған деген сұраныс арта түсетіні белгілі. Бұл үрдіс қазір орталық қалалардың аумағынан асып, алыс ауылдарға да жеткені анық. Ал шалғайдағы елді мекендердің кең жолақты интернет байланысына қосылуы күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Басқаша айтқанда, елді қол жетімді байланыспен қамту үшін орасан жұмыс істелуде. Оның нәтижесі де жоқ емес. Бұйырса, жақында Алматы облысының Панфилов ауданындағы ауыл тұрғындары сапалы интернетті пайдаланатын болады. 

Қазір Панфилов ауданында 16 елді мекенге жоғары жылдамдықтағы интернет желісі тартылуда. Оның ішнде бұған дейін мүлдем байланыс желісі болмаған бірнеше ауылға ұялы байланыс станциясы орнатылып, интернет желісін қосу жұмыстары жүріп жатыр. Осы тізімде өткен көктемдегі қашықтықтан оқыту кезінде байланыстың қиындығын сезінген Сарытөбе ауылы да бар екен. Оқырманның есінде болса, сол тұста оқушылар мен студенттер интернетке қосылу үшін биік төбе басына шығып, қолайлы орын іздеп кеткен болатын. Енді осы ауылға «Билайн» компаниясы өз байлыныс желісін құрып жатыр екен. Ұялы байланыспен бірге кеңжолақты интернет те қол жетімді болмақ.

Сондай-ақ аудандағы 9 ауылға базалық станция орнатылуда. Бұған дейін мүлдем байланыс болмаған Бөрібай, Ынталы ауылдары қазір "Теле 2", "Билайн" ұялы байланыс операторларының қызметін тұтынуға көшкен.  қосылды. Ал "Қазақтелеком" компаниясына қарасты желілік тораптар бөлімі негізгі 16 елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желісін тартып жатыр екен.

"Жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне ең алдымен мектеп, медициналық пунктер мен жергілікті әкімдіктер қосылмақ. Бүгінгі таңда 6 елді мекенге кең жолақты желі тартылды. Қалған ауылдарға желі тарту жұмыстары жақы нкүндеріә аяқталады", - дейді "Қазақтелеком" компаниясы Панфилов ауданды бойынша желі тораптарының бөлім басшысы Руслан Құрбанов.

Айтпақшы, жаңа оқу жылында Панфилов ауданында 24 мыңнан астам оқушы қашықтықтан және онлайн түрде оқымақшы. Осыған орай, кейбір ауылдардың интернет, байланыс сапасын арттыру үшін қосымша жылдамдық арттыратын қондырғылар да қойылып жатыр екен.