Абай күніне орай Жетісу жерінде бірқатар тағылымды шара өтті, - деп хабарлайды egemen.kz.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласында ұлы ойшылдың бейнесі тұрғын үйдің қасбетіне қашалып, салынды. Көпшілік жастар қолымен жасалған жаңа муралға көзайым болды. Граффити жанрында салынған Абай бейнесі жетісулық жас суретшілердің қолынан шыққан тың туынды. Жетісу университетінің түлектері Еркеғали Иманғанли, Жазира Жұмабаева және Жадыра Отарбекованың шығармашылық идеясының жеміссті жүзе асуына Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары қолдаған екен. Жалпы, бұл жастар қолынан шыққан алғашқы мурал емес, "Жетісу АРТ" жобасы аясында суретшілер тобы сыбайлас жемқорлыққа қарсы үндейтін суреттер мен дәрігерлер құрметіне арналған графитти бейнелердің тұсауын кескен болатын.
Сондай-ақ мереке күні облыстық мәдениет басқармасының мұрындық болуымен жарық көрген "Адамзаттың Абайы" кітабының тұсаукесері өтті.
Биыл Алматы облысы әкімінің қолдауымен "Абайға арнау" атты жазба ақындар мүшәйрасы өткен еді. Жарық көрген жинаққа сол мүшәйрадан оза шапқан бір топ ақынның өлеңі топтастырылған.
Ал "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ұлы ақын өлеңдерінің онлайн кеші өтті. Әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетілген кеште "Талдықорған әуендері" фольклорлы-этнографикалық ән-би ансамблінің әншілері өнер көрсетіп, жас ақындар хәкім Абайға арнау оқыды. Мұнан бөлек, бүгін Алматы облысында тұратын өзге этнос өкілдері арасында "Ортақ Абай" деген атпен өткен көркемсөз оқу байқауы да қортындыланды.
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Бүгін, 22:21
Қазақстан • Бүгін, 21:52
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Бүгін, 21:47
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Бүгін, 21:44
Аймақтар • Бүгін, 21:27
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Бүгін, 21:23
Руханият • Бүгін, 21:14
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Бүгін, 21:11
Кесенеден кешенге дейін: Жошы хан тарихи-мәдени нысанының құрылысы биыл аяқталады
Қазақстан • Бүгін, 21:08
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Бүгін, 21:05
Қазақстан • Бүгін, 21:01
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Бүгін, 20:56
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 20:47
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:08
Бозжырада құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталды
Туризм • Бүгін, 19:35
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 19:05
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Бүгін, 18:47
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Бүгін, 18:13
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Бүгін, 17:38
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Бүгін, 17:11
Ұқсас жаңалықтар