Спорт • 11 Тамыз, 2020

«Интер» – жартылай финалда!

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Еуропа лигасының 1/4 финалының алғашқы екі ойыны өтті, – деп хабарлайды Egemen.kz.

«Интер» – жартылай финалда!

«Интер» мен «Байер» арасындағы матчта 3 гол соғылды. Ойынның 15-минутында Николо Барилла («Интер») қақпаның төменгі бұрышына соққы жасап есеп ашса, арағы 6 минут салып Ромелу Лукаку жақын қашықтан қақпаға допты дәл бағыттап, есепті 2:0-ге жеткізді. Осыдан кейін ғана естерін жинаған леверкузендіктер араға 3 минут салып есепті қысқартты. Кевин Фолландтың алыстан берген пасын кәдеге жаратқан Кай Хаверц Ханданович қорғаған қақпаның кілтін тапты. Есеп – 2:1. Екінші таймда қос ұжым гол соғуға қанша тырысқанымен ойын соңына дейін есеп өзгерген жоқ. «Интер» – жартылай финалда!

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа лигасының 1/8 финалында «Интер» ойыншылары «Хетафе» командасын 2:0 есебімен жеңсе, «Байер» екі ойын нәтижесінде – «Рейнджерстен» (3:1, 1:0) басым түсті. Жартылай финалға жолдама алған «Интер» енді «Шахтер» мен «Базель» арасындағы жеңімпаз командамен кездеседі.Пандемияға байланысты барлық ойын Германия қалаларында жанкүйерлерсіз өтуде. Жеңімпаз тек бір ғана кездесуден анықталады. 

Негізгі құрам:

«Интер»: Ханданович, Годин, де Врей, Бастони (Шкриниар), Д’Амброзио (Мозес), Барелла, Брозович, Гальярдини (Эриксон), Янг, Лукаку, Мартинес (Санчес). 

«Байер»: Градецки, Свен Бендер (Бельараби), Синкгравен (Венделл), Тапсоба, Ларс Бендер, Демирбай, Баумгартлингер (Амири), Паласиос (Бэйли), Хаверц, Диаби, Фолланд.

Бас төреші: Карлос Дель Серро (Испания)

Стадион: «Меркур Шпиль-Арена» Дюссельдорф (Германия)