Өткен жексенбіде Беларусьте президент сайлауы өтті. Осы елдің Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала мәліметке сүйенсек, қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинаған.

ОСК төрағасы Лидия Ермошинаның сөзіне сүйенсек, оппозицияның басты өкілі Светлана Тихановская 9,9 пайыз дауыс жинаған. Бұдан бөлек, Анна Канопацкая – 1,68%, Андрей Дмитриев – 1,04%, Сергей Черечень – 1,13 пайыз қолдауға ие болған.
Л.Ермошинаның айтуынша, сайлаудың алдын ала қорытындысының өзгеруі екіталай. Дауыс есептеудің қорытынды нәтижесі осы аптаның соңында нақты белгілі болады.
Орталық сайлау комиссиясы келтірген мәлімет бұған дейінгі мемлекеттік экзитполдың нәтижесіне сай. Өйткені экзитпол бойынша қазіргі мемлекет басшысы А.Лукашенко 79,7 пайыз дауыс жинайтыны болжанған-ды.
Сайлау аяқталғаннан кейін Беларусьте жаппай наразылық акциялары өтті. Соның салдарынан дауысты санауға кедергі келген. «Біз оларды қолмен жаздық. Өйткені Орталық сайлау комиссиясында сарапшы екеуміз ғана болдық. Түнгі сағат бірде Үкімет үйінен эвакуацияландық. Сондықтан біз нәтижелерді қабылдай алмадық. Нәтижелер брифинг басталар алдында ғана қолымызға тиді», деді Л.Ермошина журналистерге берген сұхбатында.
Беларусь ОСК-ның мәліметі бойынша, сайлауға 5 798 908 адам, яғни тізімдегі сайлаушылардың 84,23%-ы қатысқан.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Беларусьтің бірнеше қаласында президенттік сайлаудың нәтижелеріне келіспейтін азаматтар тәртіп сақшылары тарапынан ұсталған. Tut.by басылымы Минскідегі жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейнетүсірілімдерді жариялады. Жиналғандар олардың алдында тұрған қауіпсіздік қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Тәртіп сақшылары тұрғындарды үйлерінен шықпауға және қала алаңдарына жиналмауға шақырды.
Ішкі істер министрлігі рұқсат етілмеген жаппай шаралар өтіп жатқан Минск және республиканың басқа да өңірлеріндегі жағдайды қадағалап отырғанын хабарлады. «Минск пен басқа да қалалардағы жағдай толығымен бақылауда. Ұсталғандар бар, бірақ әзірге жалпы мәліметтер жоқ», деді ведомствоның ресми өкілі Ольга Чемоданова.
Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жариялағаннан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Александр Лукашенконы Беларусь Президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.
«Саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан, сайлаудың қорытындысы халық Сіздің Беларусь мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға негізделген стратегиялық бағытыңызды қолдайтынын көрсетті», делінген жеделхатта.
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Бүгін, 21:25
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар