Экология • 11 Тамыз, 2020

Өткен тәулікте 25 табиғи өрт және дала жануы тіркелді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Өткен тәулікте 25 табиғи өрт және дала жануы тіркелді

Биылғы жылдың 9 тамызында республика бойынша 7 табиғи өрт және 18 дала жануы оқиғасы тіркелді.​

Павлодар облысындағы 2 табиғи өрт және Қарағанды облысындағы 1 жану ТЖК бақылауында, оларды жою бойынша шаралар қабылдануда.

Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарындағы табиғи өрттер және құрғақ шөптің жануы жойылды. Аталған өңірлерде жанудың жалпы ауданы 293 га құрады. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Табиғи өрттердің туындауының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанып жатқан сіріңке, атудан кейінгі тығынның бықсуы, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайдың ойнауы.