Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

"Абай әндері" онлайн-байқауы мәреге жетті

586 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өз кезегінде  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры да ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен әуесқой әншілерге арналған "Абай әндері" онлайн байқауын өткізді. Аталмыш байқауда бақ сынау үшін орындаушы ақынның өзіне ұнайтын туындысын торындап, оны видеоға түсіріп, жолдау керек болды.

"Абай әндері" онлайн-байқауы мәреге жетті

Байқаудың Ұйымдастыру комитетіне 6-жастан 72-жасқа дейінгі отандастарымыздан 70-тен астам өтініш келіп түскен. Олардың арасында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Қызылорда, Ақтөбе, Жаңаөзен, Екібастұз, Арқалық, Талдықорған, Тараз, Қызылорда және Түркістан облыстарының талантты тұрғындары табылды. Өтініш тіпті Моңғолиядан келген.

Бұл байқаудың ерекшелігі – онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтауға көрермендердің тікелей қатысты. Сайыс жеке және ансамбльдік өнер бойынша екі номинация бойынша өтті.

"Жеке орындау" номинациясындағы жеңімпаздар төрт буынның арасында анықталды:

4 жастан 14 жасқа дейін:1 орын Алангир Нұрғожанов (Алматы қ.), 2 орын Алора  Қуанышбекова (Талдықорған қ.), 3 орын Қабілет Әбдірайым (Қызылорда облысы); 15 жастан 25 жасқа дейін: 1 орын Жібекжан Сембинова (Өскемен), 2 орын Сая Сейлханова (Алматы облысы), 3 орын Жанарбек Лашын (Моңғолия);

26 жастан 44 жасқа: 1 орын Қуаныш Тұрдыжан (Каскелен қ.), 2 орын Мақсат Падсабаев (Нұр-сұлтан қ.), 3 орын Жадыра Мұзбаева (Актөбе қ.);

44 жас және одан үлкен: 1 орын Гүлназ Шарипова (Алматы қ.), 2 орын Күлсін Оразалина (Қарағанды ​​облысы), 3 орын Балкен Ибраева (Павлодар қ.).

"Ансамбльдік орындау" номинациясында сыйлықтар келесідей бөлінді:

1 орын «Арнау» ансамблі (Көкшетау қ.), 2 орын «Шабыт» ансамблі (Тобыл қ., Костанай облысы), 3 орын «Апрель» ансамблі (Алматы қ.).

"Абайдың 175 жылдығына орай 2020 жылы шығармашылық ұжым әр түрлі және қызықты бағдарламар дайындады. Мерейтой аясында ТҮРКСОЙ елдері өкілдерінің қатысуымен "Абай әлемі" халықаралық фестивалін өткізу жоспарланған болатын. Алайда, пандемияға байланысты кейбір іс-шаралардан бас тартуға тура келді, кейбіреулері кейінге қалдырылды, ал көбісі онлайн режимінде өткізілді. Осындай жобалардың бірі, әр түрлі жастағы санаттағы кәсіби емес орындаушылар арасындағы «Абай әндері» онлайн байқауы болды. Байқау жеңімпаздарының 10 тамызда, ақынның туған күні мен жаңа мереке "Абай күні" деп жариялануы символикалық мағынаға ие", - дейді  Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Ая Қалиева.



АЛМАТЫ