Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аяқталар болса, шаһардағы 79 көпқабатты тұрғынүйдің сырты жаңа келбетке ие болады.
Әкім тапсырмасының орындалуы және құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысы жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Б.Мамыталиев баяндады.
"Республика және Тәуке хан даңғылы бойындағы шұғыл жөндеуді қажет ететін 43 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңарды. Жөндеу жұмыстарын "Отау Строй", "А.Р.Т. Құрылыс", "Канфар Билдинг", "Корпорация Ақ ордасы", "Шымкент строй", "КазМедеоГранд", "БекСтройСервис", "Лидер-НК" және "Югстройсервис-Н" секілді компаниялар жүргізді. Бүгінгі таңда 43 үйдің сыртқы қасбетін жөндеу және витраж орнату жұмыстары толық аяқталды» - деді ол.
Сонымен қатар, Асар шағын ауданында көпқабатты 30 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу қажеттілігі анықталған. Бүгінгі таңда 28 үйде жұмыстар толығымен аяқталып, ал қалған екі үйдегі жөндеу жұмыстарының 90% пайызы атқарылғанын жеткізді.
Бұдан бөлек, Әкімшілік-іскерлік орталығында алты үйге «А.Р.Т. Құрылыс» компаниясы жөндеу жүргізіп жатыр. 4 үйдің сыртқы қасбеті қалпына келтірілді, қалған 2 үйдің жұмыстары жақын арада бітетін болады.
Осы орайда жөндеу жұмыстары бизнестің-әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асырылып жатқанын айта өту қажет.