Спорт • 12 Тамыз, 2020

Кирилл Герасименко іріктеу кезеңдеріне арнайы жоспармен жаттығуда

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясына байланысты жазғы Олимпиада ойындарының кейінге шегерілуінің салдарынан әртүрлі спорт түрінен Олимпиадаға іріктеу кезеңдерінің 57 пайызы өткен жоқ. Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кирилл Герасименко іріктеу кезеңдеріне арнайы жоспармен жаттығуда

Үстел теннисінен іріктеу кезеңі де осы тізімге кіреді. Қазірше аталған спорт түрі бойынша іріктеу кезеңі жағдайға байланысты кейінге шегерілуде. Іріктеу кезеңінің өтетін орны мен уақыты жақын арада белгілі болады. Қазіргі таңда үстел теннисінен қазақстандық шебер Кирилл Герасименко іріктеу кезеңіне дайындығын тоқтатқан жоқ.

"Физикалық тұрғыдан жаттығуді үдетіп, үстел жаттығуын үзбей жасап жүрміз. Австрия мен Швецияда өтетін ірі халықаралық додаларға арнайы оқу-жаттығу жоспарын құрдық. Германияда үстел теннисінен өтетін ірі еуропалық чемпионатқа да бөлек, арнайы жоспар бар", - дейді жаттықтырушы Геннадий Гщерасименко.