Әлем • 12 Тамыз, 2020

Әлемдегі ең жоғары ақы төленетін актерлердің есімі белгілі болды

662 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Forbes әлемдегі ең жоғары ақы төленетін актерлердің есімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлемдегі ең жоғары ақы төленетін актерлердің есімі белгілі болды

Америкалық Forbes журналы жыл сайын ең жоғары табыс табатын актерлердің рейтингін жариялап тұрады. Қазірдің өзінде оның он мүшесі 545,5 миллион доллар жинаған. Атап айтқанда, стримингтік қызметтердің өсіп келе жатқан айтылды және актерлерге Netflix-тен жалпы кірістің төрттен бір бөлігін төлейтіні белгілі болды.

"Екінші жыл қатарынан топ басында жүрген Дуэйн Джонсон 87,5 миллион доллар табыс табады. Ол Netflix-тен жарыққа шығатын "Красное уведомление" фильміндегі рөлі үшін 23,5 миллион доллар алды және Under Armour шығарған Project Rock тауарлар желісінің жарнамасынан біршама пайда тапты", деп жазады басылым.

Екінші орында 71,5 миллион доллар көлемінде табыс жинаған Райан Рейнольдстың есімі аталды. Ол сондай-ақ "Красное уведомление"-де ойнады. Бұдан бөлек, актерге Netflix-тің тағы бір "Призрачная шестерка" кино картинасы 20 миллион доллар табыс әкелген.

Үшінші орынды 58 миллион доллар кірісі бар Марк Уолберг алды. Оның қатысуымен "Правосудие Спенсера" фильмі Netflix шығарған картиналар арасында үшінші рет түсіріліп отыр.

Тізім негізінен Голливуд жұлдыздарынан тұрады. Оған, мысалы, Бен Аффлек (төртінші орын, 55 миллион доллар) және Вин Дизель (бесінші орын, 54 миллион доллар) кірді. Рейтингке 48,5 миллион доллар тапқан үнді актері Акшай Кумар да бар. Тізімдегі жалғыз Болливуд жұлдызы табысының көбін жарнамадан тапқан.