Маңғыстау облысынан 87 пайыз дауыс жинаған Сүйіндік Алдашев депутат болып сайланды.
Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы 1963 жылы 25 маусымда ҚазКСР-да дүниеге келген. И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын (1986) және Орталық Азия университетін (2008) "Тау-кен инженері" және "Экономист" мамандықтары бойынша бітірген.
2012-2017 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылдың қараша айынан бастап "Қаражанбасмұнай" АҚ бірінші вице-президенті қызметін атқарады.