Қазақстан • 12 Тамыз, 2020

Министрлік шетелде оқитын студенттерге отандық ЖОО-ға ауысуға көмектеседі

37 рет көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын студенттерге еліміздегі жоғары оқу орындарына ауысу бойынша көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Білім және ғылым министрлігі шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу проблемасына тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсете бастады.

"Шетелдік ЖОО-ның көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын. Бұл ретте құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Ол үшін университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгіну жеткілікті. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады", - делінген хабарламада.

Осы санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында министрлікте жедел желі (74-16-24) іске қосылды. Көрсетілген нөмір бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:30-дан 18:30-ға дейін хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар

2177 адам коронавирустан жазылып шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:22

Аялдама тұнған ақпарат

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Тұрақты табыс дамуға бастайды

Экономика • Бүгін, 08:24

Ұлт ұстазына қатысты жәдігерлер

Руханият • Бүгін, 08:18

Сауда үйлерінде екпе салады

Аймақтар • Бүгін, 08:07

Банк активтері көбейді

Экономика • Бүгін, 08:00

Су тасқынына әзірлік

Оқиға • Бүгін, 07:52

Үшінші рет жұдырықтасады

Спорт • Бүгін, 07:38

Келесі кезеңге шықты

Теннис • Бүгін, 07:37

Түтін тұмшалаған қала

Экология • Бүгін, 07:35

ГЭС-тің сатылуына қарсы

Қоғам • Бүгін, 07:23

Сандықтан жинаққа дейін...

Абай • Бүгін, 07:22

Шаңырақ шаттығын бұйыртқан

Экономика • Бүгін, 07:17

Қандастар қамқорлыққа зәру

Қазақстан • Бүгін, 07:15

Төрт клуб топ бастап тұр

Футбол • Бүгін, 00:00

Эзоп пен Абай

Руханият • Кеше

Шындық пен өтірік

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар