Қоғам • 12 Тамыз, 2020

Асхат Аймағамбетов Ұлттық кеңес мүшелерімен Президент тапсырмаларының орындалу барысын талқылады

2308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық кеңес мүшелерімен онлайн форматта Президент тапсырмалары мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуын талқылады.  Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов Ұлттық кеңес мүшелерімен Президент тапсырмаларының орындалу барысын талқылады

"Күн тәртібіндегі негізгі мәселе мамыр айында өткен Ұлттық кеңестің 3-інші отырысында Президенттің берген тапсырмалары мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы болды. Аталған 3-і отырыстың нәтижесі бойынша, 30 пунктіден тұратын жоспар қабылданған болатын. Міне, осы жоспардың орындалуы бойынша, әрбір ұсыныс қалай қаралып, қандай шешім қабылданып, қалай жүзеге асып жатқаны бойынша министр арнайы ақпарат берді. Яғни, бұл кездесу мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арасында кері байланыс орнатудың жақсы үлгісі болды. Әдетте мемлекеттік органдар қоғам белсенділермен кездесу өткізіп, сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдаса да, көп жағдайда сол айтылған ұсыныстар қалай қабылданып, қалай жүзеге асып жатқаны бойынша ақпарат бермейді. Сондықтан, бүгінгі кездесу Ұлттық кеңес мүшелеріне Білім және ғылым министрлігінен екі ай бұрын өткен жиын барысында көтерген өз ұсыныстарына қатысты нақты жауап алуға мүмкіндік берді", - деп жазды Ерлан Қарин.

Сондай-ақ жазбада Ұлттық кеңес мүшелері Канат Ильич Нуров, Гульмира Илеуова, Асылбек Қожахметов, Айгүл Орынбек, Арман Кашкинбеков, Мұхтар Тайжан, Erlan Sairov министрге жұртшылықты алаңдатып жүрген көптеген өзекті де өткір мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін жеткізгені жайында айтылады.

"Жиын аяғында, белгілі бір уақыт өткеннен кейін талқылауды тағы ұйымдастыру бойынша шешім қабылданды. Жалпы, Ұлттық кеңес мүшелерінің орталық мемлекеттік билік органдарының басшыларымен кездесу практикасы жалғасатын болады. Үкіметпен министрлердің Ұлттық кеңес мүшелерімен осындай талқылауларды тұрақты өткізу бойынша жоспар қабылданды", - делінген жазбада.

Ерлан Қариннің айтуынша, келесі аптада Ұлттық кеңес мүшелерінің экология министрі Мағзұм Мырзағалиевпен онлайн форматтағы талқылауы өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025