23 Қазан, 2013

Австралиядан Қазақстанға жіберілген сиырлар ұшақта өліп қалды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 10-Siyrlar«Boeing-747» ұшағымен Австралиядан Қазақстанға жеткізілуі тиіс болған асыл тұқымды ірі қара малдың ішінен 48 бас сиыр ұшақта өліп қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, ветеринарлар сиырлардың өліп қалғанын ұшақ қонған кезде ғана байқаған.

«Басында мұны әлдебір вирустың таралуынан деп ойладық. Алайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық қызметінің шешімі бойынша, малдың қырылуына ұшақтағы ауа температурасының сәйкессіздігі себеп болған. Қазір қажетті шаралар қабылданды, шығынды қазақстандық тарап емес, тасымалдаушы компания өтейтін болды», – деп мәлімдеді «ҚазАгро» АҚ өкілі.

Сонымен қатар, сиырларға жол бойы су мен жем-шөп берілмегені анықталды.

Алматы Мемлекеттік ветеринарлық инспекторының орынбасары Сейітхан Тельтаев ұшаққа 321 бас ірі қара тиелгенін, енді осылардың лабораториялық тексеруден өткізілетінін мәлімдеді.

Айдар Өрісбаев.  

Соңғы жаңалықтар