Парламент • 13 Тамыз, 2020

Бұрынғы сенатор қайта сайланды

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатына депутаттар сайлауға солтүстікқазақстандық мәслихат депутаттарының 96 пайызы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұрынғы сенатор қайта сайланды

Сайлауға түспек болған үміткерлер саны әуелде бесеу болған еді. Бірақ екеуі құжаттар пакетін толық жинамағандықтан тіркелмеді. Ал бір кандидат сайлауға түсуден өзі бас тартты. Сөйтіп, қазіргі сенатор Ольга Перепечинаға қарсы Данголе Могунова ғана қарсы түсті.

Сайлау қорытындысы бойынша қазіргі сенатор О.Перепечинаға мәслихат депутаттарының 87 пайыздан артығы дауыстарын беріп, оны қайта сайлады. Ал екінші үміткерге 23 адам дауыс беріпті. Бұл үш пайыздан артық болғандықтан тіркелу жарнасы оған қайтарылады.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшенов Ольга Перепечинаны қайта сайлануымен құттықтады.