Қоғам • 14 Тамыз, 2020

Елімізде қандай ауру түрлері азайған?

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанда қандай ауру түрлері азайғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде қандай ауру түрлері азайған?

Санитарлық қызметтер 97 жұқпалы ауруға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде жарты жылдың қорытындысы бойынша 61 инфекциядан сырқаттанушылық азайғаны белгілі болды.

"Атап айтқанда, серозды менингитпен (14,6 есеге), іріңді менингитпен (4,8 есеге), сальмонеллез (2,5 есеге), ротавирустық энтеритпен (38,2 пайызға), бруцеллезбен (46,1 пайызға), көкжөтелмен (26 пайызға), менингококк инфекциясымен (26,8 пайызға), қызылшамен (3,2 есеге), туберкулезбен (27,3 пайызға) сырқаттанғандар саны төмендегені байқалды", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, 2020 жылдың басынан бері елімізде оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтырма, туляремия, дифтерия, сіреспе, қызамық аурулары тіркелмеген.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет оба, КВГЛ және басқа да табиғи-ошақтық инфекциялардың алдын алу мақсатында  алдын алу іс-шараларын жүргізіп келеді.