Коронавирус • 14 Тамыз, 2020

Коронавирустың тәуліктік өсімі 0,5%-ға дейін төмендеді - Айжан Есмағамбетова 

2253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавируспен сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,5% - ға дейін төмендегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирустың тәуліктік өсімі 0,5%-ға дейін төмендеді - Айжан Есмағамбетова 

"14 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның ПТР-оң нәтижесімен 101 мың 848 жағдайы және бір тәулікте 476 жаңа жағдай тіркелді. Коронавирустық инфекцияның ПТР-теріс нәтижесімен 16 666 жағдайы анықталды.  Оның ішінде соңғы тәулікте 934 жағдай", - деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,5% - ға дейін төмендеген. Тіркелген CОVID-19 жағдайларының жалпы санының 77% - дан астамы емделіп, күнделікті өмірге оралды.

"Қатаң шектеу шараларын енгізу басталғаннан бері бірнеше көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Инфекцияның берілу қарқындылығын сипаттайтын көрсеткіштің тұрақты төмендеу үрдісі байқалады. Осылайша, инфекцияның репродуктивті көрсеткіші 2,2 есе (1,72-ден 0,78-ге дейін) төмендеді. Төсек-орындармен қамтамасыз ету 64% - ға төмендеді", - деді ол.