Әлем • 14 Тамыз, 2020

АҚШ-тың Конфуций институттарын "шетелдік агенттік" деп айыптауына не себеп?

472 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ "Конфуций институттарының" ғаламдық желісін "шетелдік агенттік" деп жариялауы екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты демонизациялау актісіне қарай бұрмалануда. Бұл туралы бүгін таңертең өткен брифингте Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзян өз ұстанымын білдеріп отырып, қайтарымды жауап болатынын қоса кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

АҚШ-тың Конфуций институттарын "шетелдік агенттік" деп айыптауына не себеп?

"Мен, АҚШ-тағы Конфуций институттарына қатысты американың әрекеттері Қытай-Америкалық ынтымақтастық бағдарламасының демонизациясы мен стигматизациясының актісі екенін ерекше атап өткім келеді. Біз өз өкінішімізді білдіреміз және оған қарсы шығамыз", деді дипломат.

Сондай-ақ ол: "Біз, Америка Құрама Штаттарымен қырғи қабақ соғыстың болуына наразымыз. Екі тараптан да орын алған қателіктерді түзетуге, білім беру жобаларын саясаттандыруды тоқтатуға, гуманитарлық алмасудың қалыпты процесіне оралуға және қытай-америка арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастыққа нұқсан келтіруді тоқтатуға шақырамыз. Біз сондай-ақ жауап беру құқығын өзімізге қалдырамыз", деп атап өтті Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Чжао Лицзян АҚШ-тағы Конфуцийдің барлық институттары ұзақ уақыт бойы "өзара тиімділікке қол жеткізу үшін сыйластық қағидаттарына сәйкес" жұмыс істейтініне назар аударды. "Конфуций институттары – Қытай мен бүкіл әлемді байланыстыратын алтын көпір", деді дипломат.

Еске сала кетейік, бейсенбіде Американың Мемлекеттік хатшысы Майкл Пампео "Конфуций институттарын" қытай тілі мен мәдениетін насихаттайтын "шетелдік агент" деп мәлімдеген еді.

М.Пампеоның пікірінше, бұл тарапта Аспан асты елі Американың ашық саясатын пайдаланып, елдегі ауқымды және ірі жобаларға қатысты үгіт-насихатын жүзеге асырып, ықпалдастық білдіріп жүргендерін нақты атап өтті. Сондай-ақ Америкада 100-ден аса "Конфуций институты" және мектеп қабырғасында оқылып жатқан 500 "Конфуций мектебінің" бар екеніне тоқталды. Сондықтан Конфуций мектебін "шетелдік агент" ретінде атауы соған да байланысты.