Әлем • 14 Тамыз, 2020

Беларусьте шеру кезінде ұсталғандар жаппай босатылып жатыр

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусьтегі наразылықтар барысында ұсталғандар тергеу изоляторларынан жаппай босатыла бастады. Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Беларусьте шеру кезінде ұсталғандар жаппай босатылып жатыр

Жергілікті БАҚ-тың ақпараты бойынша, қамауда болғандар изоляторда өздерін ұрып-соғып, азаптағандарын айтып, шағымданып жатыр. Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметі бойынша, күштік құрылымдар мен шерушілер арасындағы қақтығыстар барысында 6 мыңнан астам адам ұсталды. Елдің ішкі істер министрі олардың арасында кездейсоқ адамдардың да болғанын мойындап отыр.

Министр жергілікті телеарнаға берген сұхбатында олардан кешірім сұрады. Юрий Караев, Беларусь Республикасының ішкі істер министрі: – Кез келген жаппай төбелес кезінде, топтық немесе жаппай қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу кезінде тәртіп сақшылары бұған арнайы барғандар мен жақын жүрген адамдарға қарсы тұрады. Сол уақытта қашып үлгермегендер болады. Міне, осы зорлық-зомбылыққа тап болған адамдар үшін мен командир ретінде осы жауапкершілікті өз мойныма алғым келеді. Және бұл адамдар алдында кешірім сұраймын, – дейді ол.