Мысалы, биыл Балқаш көлінің басты су артериясы Іле трансшекаралық өзенінің су деңгейінің төмендігінен Қапшағай қаласының халқы Шеңгелді суару алқабының ауыз суымен және суармалы сумен, сондай-ақ Балқаш ауданының суармалы жерлерімен қамтамасыз ету бойынша күрделі жағдай болды. Осы мәселені шешу үшін «Қазсушар» РМК-ның Алматы филиалы шаруа қожалықтарының жерлерін суару үшін ұзындығы 1,5 км қосымша жеткізуші канал-құбырын салды. Нәтижесінде Шеңгелді алқабын қазір суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз ету жүргізілуде.
Сонымен қатар Талдықорғанда суару желілерінің құрылысы жүріп жатыр, жыл соңына дейін жобаны аяқтау жоспарлануда. Мердігер – «Монолит» ЖШС.
Облыста суару жағдайын жақсарту бойынша басқа да жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, бүгін облыстың Ақсу ауданында Ислам Даму Банкінің қолдауымен суару желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде, осыны аяқтауды келесі жылға жоспарлап отыр. Мердігер – «Тамас» ЖШС. Жобалық арналардың жалпы ұзындығы 633 км құрайды. Ақсу ауданының 8 ауылдық округінде, оның ішінде Жансүгіров, Қапал ауылдарындағы Дол каналында жұмыс жүргізілуде.
Ақсу ауданында сондай-ақ Қызылағаш өзеніндегі су қоймасы, су жинау торабы және магистральдық каналдың жұмысы қайта құрылып, толық қалпына келтірілгенін атап өтеміз. Бөгеттен Қызылағаш ауылының егістігіне су беріледі, бұл 700 га суармалы жердің суару мәселесін шешті. Су қоймасына 20 млн текше метр су жиналды, деп хабарлады «Қазсушар» РМК-ның Алматы филиалының директоры Смайыл Куметов. Сондай-ақ Қызылағаш алқабында тағы да 7 мың гектар жерді суармалы сумен қамтамасыз ететін суару желілерін салудың жаңа жобасы әзірленді. Осының арқасында Қызылағаш ауылдық округіндегі шаруа қожалығында тағы 200 адам жұмыс жасай алады.
Бұдан басқа Көксу бөгетінде Көксу өзенінде аспалы суармалы жерлердің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, себебі 1963 жылы пайдалануға берілген уақыттан бері мұнда бірде- бір рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Мердігер - «Темірбетон» ЖШС Жоба Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылуда, бұл жұмыс жобасын биыл аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ Панфилов ауданындағы Үсек өзеніндегі суторабын қайта жаңарту (реконструкциялау) жұмыстары жүргізілуде. Жоба Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылуда және ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Жақында су пайдалану бөлімінің мамандары Ұйғыр ауданына барып, барлық жердегідей бұл жерде де биыл суару көзі болып табылатын Шарын өзеніндеде су аздығы байқалады. Бұл жерде суды тиімді пайдалану бойынша шешім қабылдау үшін субекеттерін және су каналдарының жай-күйін тексеру жүргізілді.
Жалпы биылғы жылы облыс тұрғындарын суармалы сумен уақтылы қамтамасыз ету үшін «Қазсушар» РМК филиалы бас құрылыстарды, гидрометриялық бекеттерді салды және арналарды механикалық тазартудан өткізіп кейбір жерлерді бетондап және түбін қаптау жұмыстарын, сондай-ақ Ескелді, Алакөл, Қаратал, Ақсу, Ұйғыр және Панфилов аудандарындағы каналдарды жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл өңірде бірнеше мың гектар алқапты суландыруды жақсартуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ «Қазсушар» РМК суды сандық есепке алуды түпкілікті тұтынушыға жеткізу мәселесін пысықтауда. Басында пилоттық іске қосу және технологияларды сынақтан өткізу жоспарлануда, бұл ретте осындай есептегіштер үшін басты талап-олардың дербестігі және деректерді қашықтықтан беру.