Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің құрамында 224 аудандық басқармасы бар 18 аумақтық департаментінің мамандары көлікпен қамтамасыз етілді.
Мысалы, 29 көлік Алматы облысының аудандық басқармалары арасында бөлініп берілді. Кеген, Ақсу, Қаратал, Балқаш сияқты шалғайдағы өңірлер мамандандырылған автокөлікпен қамтамасыз етілді. 7 мамандандырылған машина Батыс Қазақстан облысына жеткізілді.
Пандемиямен күресуден басқа, бұл автокөлік инфекциялық аурулардың басқа да қауіпті эпидемиологиялық ошақтарын уақтылы тексеруде таптырмайтын құрал. Айта кетейік, Қазақстанның аумағында аса қауіпті инфекциялар – оба, туляремия, геморрагиялық қызба (КҚГҚ, БГҚ), сібір жарасы және басқа да зооноздық инфекциялардың белсенді табиғи ошақтары бар. Көбінесе, мониторингілеу радиусы 300 шақырымнан асады.
Бүгінгі күнге дейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің көлік паркінің тозуы 90% құрады, ішінара жөндеу 10 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметті күшейту мақсатында еліміздің шалғайдағы өңірлері коронавирустық инфекцияның қайта өршуіне жол бермеу үшін мамандандырылған автокөліктермен жабдықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Президент • Бүгін, 19:13
Жеке тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды
Аймақтар • Бүгін, 18:31
Ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Спорт • Бүгін, 18:00
Көлікке жылқы тиеп алған Қарағанды тұрғыны ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:39
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы сотталды
Оқиға • Бүгін, 17:15
Абай облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:01