Қайрат Баяндыұлы Бегiмов 1968 жылы дүниеге келген, Қарағанды қаласының тумасы. Екі жоғары білімі бар: 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Өнеркәсіптік көлік инженері» және 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қызметкерлерді басқару, экономист» біліктіліктері бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы «Қарағандыкөмір» бірлестігінде жекешелендіру және тұрғын-үй бөлімінің басшысы лауазымында бастады. 1993-2006 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы аудандар әкімдерінің аппараттарында түрлі лауазымды қызметтерде болды. «Қарағанды қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарды. Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары болды.
Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының әкімі, Қарағанды қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары, Қарағанды облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті. Қарағанды облысының энергетика және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.
2018 жылдан бастап бүгінгі тағайындауға дейін Жезқазған қаласының әкімі болып қызмет етті.
Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылды.