Қоғам • 15 Тамыз, 2020

Әуеайлақтар мен тікұшақ айлақтарын бірлесіп пайдалану нұсқаулығы өзгертілді

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 19 тамыздағы № 462 бұйрығына өзгерістер әзірленіп енгізілді. Бұл туралы Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әуеайлақтар мен тікұшақ айлақтарын бірлесіп пайдалану нұсқаулығы өзгертілді

Бұған дейін нұсқаулықтың 5-тармағы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысының негізінде қолданыста болған, ол өз күшін жойды.

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 650 жаңа қаулысының қабылдануына байланысты әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидалары бекітіліп, сондай-ақ авиацияны тиімді қолдану және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), мемлекеттік авиацияның ұшуын қамтамасыз ету және басқару құралдарының қону алаңдарын бірлесіп пайдалану тәртібін айқындау көзделген.

Жобаның толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында  мына сілтеме арқылы https://legalacts.egov.kz танысуға болады.