Бүгін, 15 тамызда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағында болған өртке байланысты Алматыға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Мәдениет және спорт вице-министрлері Нұрғиса Дәуешов пен Сәкен Мұсайбеков барды, - деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік өкілдерімен кездесуге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары Айдын Қабдулдинов, Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Олжас Шәріпов, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник Ерлан Әлібеков және Алматы қаласы әкімдігі мен киностудия қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндама жасады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.
Айта кетейік, қалалық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар 14 тамызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21:33-те келіп түскен. Өрт сөндіруге қажетті техника оқиға орнына 7 минутта жеткен. Өрт сөндірушілер келген сәтте «Қазақфильм» аумағында декорацияға арналған, темір қалқаның астына салынған құрылыс материалдар лаулаған оттың ортасында болған. Өрт шыққан жердің ауданы 400 шаршы метрді құрайды.
Алғашқы ошақты сөндіру кезінде киностудия аумағында ауданы 200 шаршы метрді құрайтын ағаш ғимарат («Шайбан Шах сарайы» декорациясы) жақтан екінші өрт ошағы байқалған. Екі ошақтың арасы 300 метр.
Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, бірінші өрт ошағы 23:10-да, екіншісі - 23:26-да сөндірілген. Өрт сөндірушілер «Қазақфильмнің» әкімшілік ғимараттарына оттың өтуіне жол бермеген. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге, ТЖД – 53 қызметкер мен 16 бірлік техника, Полиция департаментінің – 30 қызметкері мен 10 бірлік техника, ЖМК қызметі - 6 қызметкері мен 2 бірлік техника, Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметі - 4 қызметкер мен 4 бірлік техника, "Алматы Су" МКК – 6 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылдырылды.
«Астана» ел чемпионатында «Каспийді» жеңді
Спорт • Кеше
Шымкенттің кей аумақтарын су басуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Саяси науқанға – тиянақты әзірлік
Сайлау • Кеше
Пікір • Кеше
Пікір • Кеше
Парламент сайлауы – саяси реформалардың жалғасы
Сайлау • Кеше
Экономика • Кеше
Ауыл • Кеше
Аймақтар • Кеше
Сырдың күріші – сыртқы нарықта
Экономика • Кеше
Екібастұздың жағдайы оңалар емес
Аймақтар • Кеше
Саналы ұрпаққа арналған ұлттық жоба
Білім • Кеше
Жалғас – бастауыш сынып мұғалімі
Білім • Кеше
Саперлер кәсіби шеберлігін жетілдірді
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Әннің түпнұсқа аты – «Қаракөз»
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Экотуризмге – айрықша көзқарас
Туризм • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Түсімнің көзі – туристік жарна
Туризм • Кеше
Бокс • Кеше
Рыбакина тағы да шеберлігін мойындатты
Теннис • Кеше
Бүйректегі тасты алудың жаңа тәсілі
Медицина • Кеше
Жәдігер • Кеше
Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды
Аймақтар • Кеше
Теннис • Кеше
Спорт • Кеше
Хоккей • Кеше
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар