"Мемлекеттік деңгейде қабылданған шаралардың нақты нәтижесі туралы айтатын болсақ, КВИ-дың таралуы күннен күнге төмендеп келеді. Сәйкесінше, медициналық мекемелердің жүктемесі азайып жатыр. Салыстырмалы түрде, 2020 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша, елімізде провизорлық емдеу орындарында, стационарларда 57 798 төсек-орын (57%) болды. Қазір ауруханаларда жатын орындар саны - 37 мың, жүктеме 29%-ға дейін азайған. Қуаныштысы, кейбір өңірлерде науқастар түгел жазылып шығып, ауруханалар бос тұрған жағдайлар бар. Мәселен Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы инфекциялық бөлім қазір бос тұр. Аталған ауданда КВИ-мен ауыратын науқастар жоқ", - деді Бағдат Қожахметов.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.