АҚШ-тың Кливленд қаласында бір жарым жасар Аанав Джейкар есімді бала картадағы барлық елдерді көрсетіп бере алады. Бұл туралы Lifenews.ru хабарлады.
«Біз Аанавтың ерекше қабілетін АҚШ-қа көшпей тұрып, Делиде тұрған кезімізде байқаған болатынбыз, – дейді вундеркиндтің анасы. – Біз Еуропа астаналарын жаттап жаттыға бастадық, ал Аанав өте зерек, ол ақпаратты жадына тез сақтайды».
Талантты баланың ата-анасы оның аз уақыт ішінде тек елдердің аттарын ғана емес, сонымен қатар, картада орналасқан жеріне дейін жаттап алғанын айтады. Сондай-ақ олар баласының болашақта үлкен жетістіктерге жететініне сенеді.
Айдар Өрісбаев.