Партияішілік іріктеу – "Nur Otan"-ның праймеризіне қатысушыларды тіркеу басталды. Алғашқы бірнеше сағат ішінде 500-ге жуық адам праймеризге қатысуға ниет білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

157 өтініш жолдаған Қостанай облысындағы партиялықтар белсенділік танытты. Ақмола облысындағы партия мүшелерінен 110 өтініш келіп түсті. Бастауыш партия ұйымдары 129 адамды ұсынса, 342 адам (72,6%) – өзін-өзі ұсынған кандидаттар.
Праймеризге қатысу үшін өтінішті https://primaries.kz/ сайтында «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» праймеризі еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді. Бұл – Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын «қайта жандандыру» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі.
Кандидаттар праймеризге бастауыш партия ұйымының атынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен де қатысуы мүмкін. Бұл ретте партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген азамат үміткер бола алады. Ол үшін праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін «Nur Otan»-ның қатарына қосылу керек.
Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.
Сонымен, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамыздан басталып, 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады. Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалу үшін 7 күн беріледі - 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін.
7 қыркүйектен 3 қазанға дейін аралықта кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын, оның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өтеді. Пікірсайыстар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы өтіп, партияның ресми аккаунттарында таратылады.
Осыған байланысты партия Төрағасының тапсырмасы бойынша онлайн-форматта дауыс беру үшін платформа әзірленді. «Праймериз» жүйесі тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуді, жалпы жұртшылықтың пікірлерін ескере отырып, түрлі бастамалар мен заң жобаларын онлайн-талқылау мүмкіндігін көздейді.
1 қазан (00-00) мен 3 қазан (14.00) аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр.
Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елді мекендерде осындай сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады.
Үміткерлердің рейтингі көрсетілген праймериз нәтижелері 5 қазанда жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін «Nur Otan» партиясы праймериз өткізу, сондай-ақ, кандидаттарға ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау көрсету мәселелері бойынша 8 (800) 080 4441 арнайы желіні іске қосқан болатын. Соңғы 2 айдың өзінде аталған желіге 15 мыңға жуық қоңырау түскен. Олардың ішінде өтініш білдіргендердің жартысынан көбі 30 бен 44 жас аралығындағы адамдар.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.
Елордада Сығанақ көшесіндегі учаске жабылды
Елорда • Бүгін, 21:06
Тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлыққа толықтыру енгізілді
Президент • Бүгін, 20:36
Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларын аяқтады
Әлем • Бүгін, 20:30
Елордалық ҚХА өкілдер киелі орындарды аралады
Елорда • Бүгін, 20:00
Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ
Әлем • Бүгін, 19:30
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Бүгін, 19:01
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 18:25
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 18:20
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Бүгін, 17:51
Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті
Қоғам • Бүгін, 17:41
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 17:36
Елордада зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:20
Елордада ерекше баласы бар отбасыларға арналған орталық ашылды
Елорда • Бүгін, 17:13
Өскемен турнирінде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Теннис • Бүгін, 17:03
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Бүгін, 16:50
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Бүгін, 16:30
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 16:27
Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамалды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім • Бүгін, 16:05
Қаржы • Бүгін, 15:58
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 15:42
СҚО-да 600-ге жуық ұстаз жетіспейді
Қоғам • Бүгін, 15:33
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді
Футбол • Бүгін, 15:27
Әзербайжанда «Қазақ прозасы» антологиясы жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 15:18
Майамиден Ыстанбұлға бағытталған ұшақта жолаушы қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:59
Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына
Руханият • Бүгін, 14:50
Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:43
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:33
Қазақстан-Эстония әйелдер құрамасының матчы Қарағандыда өтеді
Спорт • Бүгін, 14:25
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Тамызда өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 14:06
Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:38
Абай • Бүгін, 13:10
Алматы облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:52
Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:30
Беларусьта коронавирустың жаңа штамы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Ұқсас жаңалықтар