Президент • 17 Тамыз, 2020

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады

Агенттік басшысы әкімшілік-мемлекеттік қызмет бағытындағы кадр саясатын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің салалық заңнама мен этикалық нормаларды сақтауын бақылау, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жағдайы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы «Президенттік жастар кадрлық резерві» бойынша жұмысты жалғастыруды, оған енген азаматтардың жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу және резервке кіру шарттарын реттеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы «Президенттік жастар кадрлық резервіне» тағы бір конкурстық іріктеуді өткізу жөнінде тапсырма берді. Конкурсты өткізу барысында мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін ескеріп, іріктелетін кандидаттардың санын қысқарту керек екенін айтты.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.