Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асыру барысы қаралды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев баяндама жасады. Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының, Жұмыспен қамтудың жол картасының және басқа да салалық бағдарламалар аясында жұмыспен қамту шаралары 743 мың адамды қамтыды. Жылдың соңына дейін 1 млн 220 мың адамға қолдау көрсетіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аударылып, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі оңтайландырылды. Осы жобалар (6 702 жоба) аяқталған соң, аралас салаларда қосымша 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылады. Премьер-Министр Шымкент қаласында, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асырудың жоғары қарқынын атап өтті. Орташа көрсеткіштер Қарағанды, Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Атырау облыстарында, Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларында байқалады.
Сонымен қатар жекелеген көрсеткіштер бойынша екі өңір артта қалып отыр: Қызылорда облысында — мемлекеттік гранттар беру 47,5%, қоғамдық жұмыс – 50,1%, жобаларға бөлінген қаржыны игеру – 56,2% және жұмыс орындары құру – 44,4%. Батыс Қазақстан облысында — микрокредит беру бойынша тек 28,6%, жастар тәжірибесі – 37,7%, жобаларға бөлінген қаржыны игеру – 58,9% және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша 25,8% деңгейінде. «Жыл соңына дейін төрт ай ғана қалды. Әкімдіктер бағдарламаларды іске асыру жұмыстарын жандандыруы қажет. Қазіргі жағдайда бірінші кезектегі міндет – бұл азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету. Қажетті ресурстар бөлінген, барлық құралдар бар, еңбек нарығында теңгерімсіздіктердің пайда болуына жол бермеу керек», — деді А. Мамин.
Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруды, сондай-ақ Электрондық еңбек биржасының бизнес-процестерін оңтайландыру, жұмыспен қамту шараларымен проактивті қамтуды дамыту және оларды іске асыру мониторингін күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Әкімдіктерге әрбір жұмыссыз адамның профайлын құру және онымен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша атаулы жұмыс жүргізу тапсырылды. Жұмыспен қамтудың жоспарланған индикаторларына қол жеткізіп, тұрақты жұмыс орындарын құруға ерекше назар аудару қажет. Ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы министрліктеріне «Атамекен» ҰКП және әкімдіктермен бірлесіп, бизнес бастамаларды дамыту және қолдау бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Бүгін, 21:41
Қазақстанның әйелдер командасы жүзуден Исламиада медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 21:40
Кино • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:36
Мұқтаж отбасындағы баланы мектепке дайындауға 43 мың теңгеден берілді
Қоғам • Бүгін, 21:08
Елімізде алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен ел чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 20:45
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 20:10
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 19:35
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 19:10
Мексикада жыл басынан бері 14 журналист қаза тапқан
Әлем • Бүгін, 18:53
Исламиада ойындары: Бүгін қазақстандықтар спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 18:20
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:52
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Бүгін, 17:43
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Бүгін, 17:35
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 17:22
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Бүгін, 17:10
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Бүгін, 17:01
Солтүстік өңірлерде күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров сарбаздармен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Колумбияның оңтүстік-батысында 300 адам үйлерін тастап кетті
Әлем • Бүгін, 16:30
Елордада 5 мыңға жуық үй газға қосылды
Елорда • Бүгін, 16:22
Әйелін ұрып өлтірген ер адам 17 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:15
Елордада табысы аз отбасыларға әлеуметтік карта беріледі
Елорда • Бүгін, 16:02
Қаржы • Бүгін, 15:56
Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке ашылды
Елорда • Бүгін, 15:43
БҚО мектептерінде 210 мұғалім жетіспейді
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Оқиға • Бүгін, 15:25
Алматының Түрксіб ауданында 13 ескі үй сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Мерей Базарбаев Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Күрес • Бүгін, 14:52
Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Түркістанда танысын жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Алматыда 1560 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
Ұқсас жаңалықтар