Спорт • 18 Тамыз, 2020

Жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасының" келесі кезеңі Стокгольмде өтеді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы биылғы маусымды қайта жандардыра бастады. Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасының" келесі кезеңі Стокгольмде өтеді

Бүгінге дейін Монакода "Гауһар лигасының" кезеңі өтіп, әлемдік рекорд жаңарған болатын.  "Гауһар лигасының" келесі кезеңі 23 тамыз күні Швецияның Стокгольм қаласында өтеді.

Аталған додаға қатысуға бірнеше әлем чемпиондары өтініш берген. Олардың қатарында Тимоти Черуйот, Хеллен Обири, Карстен Уорхолм, Донаван Брейзерлер бар. 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.